Батыс Қазақстан облысы – еліміздегі эко­но­микалық әлеуеті үлкен, дамыған ин­дустриялық-аграрлық өңірлердің бірі. Сөзіміз дә­лел­сіз болмасын, сандарды сөй­лет­сек...
Өңірде экономикалық өсім жоғары
2,074
оқылды

Биылғы жылдың 9 айында об­лыс эко­номикасының негізгі са­ла­лары бойын­ша тұрақты өсімге қол жет­кен, өң­деу өнеркәсібі – 20,5 пайыз­ға, ауыл шаруашылығының жал­пы өнімі – 5,5 пайызға, құрылыс жұ­мыста­ры­ның көлемі – 42 пайызға, тұр­ғын үй­лер­ді іске қосу – 0,5 пайыз­ға, негізгі ка­питалға инвес­ти­ция­лар – 23 пайыз­ға, ішкі сауда кө­­­лемі – 19,2 пайызға, көлік қыз­мет­терінің көлемі – 8,3 пайыз­ға арт­қан. Соның ішінде облыс­та құры­лыс саласының даму қарқыны өте жо­ғары. Орал қаласының өзінде «Ақ­­жайық» шағынауданында заманауи үйлер салы­нып жатыр. Биылдың өзінде облыста 73 тұрғын үй бой көтерген. Ал 2024 жылға 27 көп­қа­батты тұрғын үйдің құрылысы жос­пар­ланып отыр. Бұл туралы облыс әкі­мі Нариман Тө­ре­ғалиевтің өзі айт­ты.

Батыс Қазақстан облысының әкі­мі Нариман Төреғалиев Орталық ком­­му­ни­кациялар қызметі алаңында жур­на­лис­термен жүздесіп, өңірдің әлеуметтік-эко­номикалық дамуы туралы айтып берген еді. 

Әкімнің айтуынша, өңірде эконо­ми­ка­лық өсім жоғары. Соның ішінде БҚО ауыл шаруашылығы саласына бейім өңір дейтін болсақ, облыста аграрлық сектор­дың дамуы қарқынды. 

Президент өз Жолдауында ет, сүт, астық өнім­дерін терең өңдеу және өндірістік жы­лыжай шаруашылықтарын дамытуға баса назар аударғаны есімізде. Ауыл-ай­мақ­тарды дамыту үшін шағын шаруашы­лық­тарды қолдауға «Ауыл аманаты» бағ­дарламасы қабылданды.

– «Ауыл аманаты» бағдарламасы ая­сын­­­да 2023 жылға республикалық бюд­жет­­тен 6,4 млрд теңге кредиттік қаражат бө­­­лінді. Қазір 714 өтініш бойынша 4,9 млрд. теңге несие берілді. Аталған қара­жат­­ты жыл соңына дейін толықтай иге­ре­­тін боламыз. Бүгінде облыста 270 ауыл­шаруа­­шылық кооперативі жұмыс істеп тұр. Соның ішінде биылдың өзінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жаңадан 44 кооператив құрылды. Азық-түлік тауарларының негізгі 19 түрінің 7 түрі бойынша облыс толық қамтамасыз етілсе, 8 түрі бойынша 75%-ға дейін қамтып отырмыз, – деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев. 

Батыс Қазақстан облысы бойынша бар­лық ауыл шаруашылығы дақылдар­ы­ның егіс алқабы – 617 мың гектар. Бүгінде егін ору науқаны толықтай аяқталып, об­лыс бойынша 302 мың тонна астық жи­налған. Майлы дақылдардан 78 мың тон­на өнім алынса, 153 мың тонна картоп, кө­көніс-бақша өнімі жиналды. Облыста қуа­ты жылына 11 мың тонналық голлан­дия­лық технологиямен 2 заманауи өн­ді­ріс­­тік жылыжай жұмыс істеп тұр.

Әкім облыс халқының көкөніс өнім­деріне қажеттілігін 100% жабу үшін 2024 жылы 18 мың тонналық 4 қойма салынып, қа­жеттілік толық жабылатынын жеткізді. Ал 2026 жылға дейін 30 мың тонналық 17 қойма салу жоспарланып отыр. 

Облыс әкімі өңірімізде жылу-энерге­ти­ка саласында бірқатар жұмыстар атқа­ры­лып жатқанын да атап өтті. 11 млрд тең­геге бюджет қаражаты есебінен Орал қа­ласы Жылу электр орталығының тур­боагрегаты мен градирнясын қайта құру жә­не су бұру қондырғыларын жаңғырту мақ­сатында екі кәріздік-сорғы стан­са­ла­рын реконструкциялау жұмыстары жүр­гі­зіліп жатқанын жеткізді.

Облыстағы электр беру желілерінің тозуы 82 пайызды құрап отыр. Алдағы қыс мез­гілінде апатты жағдайларды азайту мақ­сатында 2 мың шақырымнан астам электр желілері, 300-ге жуық қосалқы стан­ция жөнделген.

– Градирня 2023 жыл­дың мамыр айында іске қосылды. Тур­бина және 2 кәріздік-сорғы стан­сасы келесі жылы пайдалануға берілетін болады. Сонымен қатар коммуналдық мекемелермен 2 энер­гетикалық қазандық, су қыздырғыш, турбиналық генераторы және 5,8 шақырым жылу желілерін және 4 шақырым сумен жабдықтау мен су бұру желілерін күрделі жөндеу жүргізілді, – деді Нариман Төреғалиұлы. 

Журналистер алдында сөйлеген Батыс Қа­зақстан облысының әкімі өңірдегі бі­лім, денсаулық, әлеуметтік саладағы оңды іс­тер туралы да айтты. Жалпы, облыстың дамуында қай салада да ілгерлеу бар екендігін атап өтті. Соның ішінде Батыс Қазақстанда соң­ғы жылдары жол мен құрылысқа қатты көңіл бөлінуде. Себебі облыстағы жол­дардың сапасы сын көтермейді, ал үйлер­дің көбісі ескі. Өңірдегі жол, құрылыс ту­ралы облыс әкімі Нариман Төреғалиев: «Президент тапсырмасы аясында биыл 81,5 млрд теңгеге 617 шақырым жол жөн­делуде. Қазір 513 шақырым жол жөнделді. Жыл қорытындысымен жергілікті жол­дар­дың нормативтік жағдайдағы үлесін 52%-ға жеткізетін боламыз. 2024 жылы 100 млрд теңгеден астам қаржыға барлық дең­гейдегі жалпы ұзындығы 800 шақырым құрайтын 139 жобаны жүзеге асыру жос­парда бар», – деді.

Әкім елді толғандырған Бөкей Орда мен Жәнібектің жолы туралы да айтып өт­ті. «Бүгінгі күнге бітпей тұрған 120 ша­қы­­­рым жолдың 104 шақырымын биыл аяқ­­тадық, қалған 16 шақырым бойынша жұ­­мыс­тар жалғасуда», – деді Нариман Төре­ғалиұлы. 

БҚО-ның дамуы туралы әңгімелеген облыс басшысы кейін журналистерді толғандырған сұрақтарға жауап берді. 

Жанат ҚАЙЫРҒОЖИНА