Жергілікті атқарушы органдардың мәліметіне қарағанда, балаларға арналған 2911 орын бар, оның ішінде 139-ы реанимациялық.
Қарашада күн сайын 400-ге тарта бала ауруханаға жатқызылды
1,843
оқылды

Денсаулық сақтау министрлігі биылғы қарашада қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға қатысты пікір білдірді,-  деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Ведомство мәліметінше, елдегі аурухана төсек-орындарының шамамен 52 пайызында балалар емделіп жатыр.

"Ауру тез тараған өңірлерде резервтік орындар қамтамасыз етілген. Биыл 10 қарашадағы жағдай бойынша 2079 бала стационарлы тәртіпте емделіп жатыр», - делінген министрліктің  Kazinform агенттіне берген жауабында.

Сонымен қатар елімізде күн сайын 300-ден астам бала ауруханадан емделіп шықса, ал 400-ге жуық бала емделуге барады.

Республикада қызылшаның 17 мыңнан астам жағдайы тіркелген, 82 пайыздан астамы балаларға тиесілі. Оның ішінде, 83 пайызы – екпе алмаған балалар.