Халық әртісі, белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева эстрадағы қазіргі буынға өкпесі барын жасырмады.
Өкпелеп қалдым: Меруерт Түсіпбаева Ayree-ге ренжіді
2,225
оқылды

"Ұйқым келмейді" бағдарламасына қонақ болған өнер иесі жақында өзінің "Қимай сені барамын" әнін орындаған әнші Ayree-ге ренжігенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.і

Меруерт Түсіпбаеваның сөзіне қарағанда, Ayree бұл туындыны сахнаға алып шықпас бұрын бұрынғы орындаушысынан рұқсатын сұрамаған.

"Осы күнге дейін "Қимай сені барамын" әнін Мейрамбек Беспаев, Алтынай орындаған болатын. Олар бірауыз маған ескертіп, рұқсат сұраған еді. Қазіргі эстрадаға аяқ басып жатқан жастар әнімді орындаса қуанамын. Бірақ соңғы орындаған Ayree деген әнші менен рұқсат сұраған жоқ. Соған өкпелеп қалдым. Продюсері де хабарласпады. Олардың шешімдері солай болған шығар. Негізінен рұқсат сұрап, әншіге бірауыз ескертуі керек. Ол орындап шыққаннан кейін маған өте көп тыңдарманым жіберді. "Сіздің әніңіз еді", "Сіз керемет орындайсыз" деп айтты. Көрдіңіз бе, көрерменнің өзі қызғанып жатыр бұл әнді" , – деді әнші.