Тараз қаласының соты судья Фариза Өтешованы кінәлі деп тауып, үш жылға бас бостандығынан айырды.
Сотталушыдан пара алған тараздық судья қамауға алынды
3,249
оқылды

Үкімі шыққан экс-судья сот залынан қамауға алынды, – деп жазды Aikyn.kz.

Бұған дейін Тараз қаласының №2 сотының судьясы Фариза Өтешованы сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік ұстағаны хабарланған. Ол сотталушыдан 2 миллион теңге алды деген күдікке іліккен. Өтешоваға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігі "Пара алу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Судья мас күйінде рөлге отырып, жол апатына себепкер болған көлік иесінен ақша алды деп айыпталды.

Бұл ақша сотталушыны жүргізуші куәлігінен айырмау туралы сот шешімі үшін сыйақы ретінде тағайындалған.