Чилиде тұратын Андреа – қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйері.
Димаш Құдайберген Чилиде тұратын жанкүйеріне домбыра сыйлады
4,479
оқылды

Ол қазақ өнер иесін сүйіп тыңдайтыны соншалық, өзінің тегін Құдайберген деп өзгертіп алған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Димаш алыстағы жанкүйерін қуантпақ болған.

"Бүгін бірнеше апта күткеннен кейін менің жаңа домбырам келді, оны алыстағы Чили еліне жіберген @qos_ishek ге алғысымды білдіремін!", – деп жазды Андреа әлеуметтік желідегі парақшасына.

Сыйлықты "Қазпошта" жеткізген. 

Ал қара домбыраның шанағына Dimash Qudaibergen деп ойылып жазылған. 

"Өздеріңіз білесіздер, мен домбырада ойнауды өз бетімше үйрендім, Димаш Құдайберген, Қазақстанның тамаша аспаптарын әлемге танытқаныңыз үшін рахмет", – дейді жанкүйер.