Бұл туралы Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.
+1 миллионер: inDrive негізін қалаушы Арсен Томский Қазақстан азаматтығын алды
4,174
оқылды

inDrive негізін қалаушы және бас директоры Арсен Томский Қазақстан азаматтығын алды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook парақшасында жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz..

«Соңғы жылдары Қазақстан әлемнің түкпір-түкпірінен дарынды кәсіпкерлерді қызықтыратын орынға айналды, олар Қазақстанға көшіп қана қоймай, біздің елімізге өз идеялары мен технологияларын белсенді түрде енгізіп жатқан көптеген жоғары білікті мамандарды, сарапшыларды және кәсіпкерлерді әкелуде. Сондай-ақ олар өздерінің бизнес активтері мен кеңселерін беруде. Соның жарқын мысалдардың бірі - бүгін Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанын ресми түрде жариялаған inDrive негізін қалаушы және бас директоры Арсен Томский», – деп жазды Мусин.

Министр Қазақстан алдағы уақытта да инвесторлар мен кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасап, елімізді халықаралық бизнес үшін тартымды ететінін айтты.

«Мен Қазақстанда және одан тыс жерлерде адамдардың өмірін дамыту және жақсарту үшін бар күш-жігерімді салуға уәде беремін», – деді Арсен Томский.

inDrive қызметі Қазақстанда 2014 жылдың желтоқсан айынан бері жұмыс істейді. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, компания Ресей нарығынан 2022 жылдың маусымында кеткен.