Өкінішке қарай, қария соққыдан көз жұмды.
Қостанай облысында екі әйел 85 жастағы әжені соққыға жығып, өлтірген
974
оқылды

23 қарашада екі әйел Әсия Кутварованың пәтерінің есігін қағып, кейін бірі оны пәтерден сүйреп шығарып, ұрып-соққан. Оларды қасынан өтіп бара жатқан әйел тоқтатып, жедел жәрдем шақырған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Наша газетаның жазуынша, қарт әйел Қостанай қалалық ауруханасына жеткізіліп, полицияға арыз жазған. Кейін ұлы әйелді Федоровкаға алып барып, жергілікті аудандық ауруханаға жатқызды.

Кейін әйел 30 қарашадан 1 желтоқсанға қараған түні қайтыс болды. Әженің туыстарының айтуынша, ұрып-соққан әйелдер қарияны өлтіру ниетімен келген.

"Басында ұруға немесе өлтіруге барғаны анық. Олар нақты мекен-жайды, әженің жалғыз екенін білді. Камерадан қорықпағандарына қарағанда, жазадан да қаймықпаған», – деп түсіндірді жәбірленушінің немересі Елена оқиғаға қатысты.

Полицейлер Әсия Кутварованы соққыға жыққан әйелдерді анықтады.

Сараптама нәтижесінде өлімнің себебі тыныс алу ауырлығы, жүректің созылмалы ишемиялық ауруы, кардиомиопатия екені белгілі болды.

Зейнеткердің бірнеше қабырғасы сынған. Осыған байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары басталды.