Бір адам ауруханаға жеткізілді.
Жолға шауып шыққан жылқының кесірінен бір адам мерт болды
854
оқылды

Audi А8 жеңіл автокөлігінің 45 жастағы жүргізушісі сол жерде қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Жол апаты 3 желтоқсанда таңертең Сарқан қаласынан шыға берісте болды. Аталған көлік кенеттен жолға шауып шыққан жылқыға соқтығысқан.

Audi А8 көлігінің 45 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Шетелдік көлікте жолаушы ретінде болған 54 жастағы ер адам түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды.