Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
ТЖД ауа райына байланысты Астана тұрғындарына ескерту жариялады
Фото: azattyq-ruhy.kz
1,734
оқылды

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты елорда тұрғындарына ескерту жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. 

«Қазгидромет» мәліметінше, Астанада 4 желтоқсан күні қарлы боран, көктайғақ, екпіні 25 м/с-ке дейін жел күшейеді деп болжанып отыр.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарына жазатайым оқиғаларға ұшырамас үшін көшеде жүргенде өте мұқият және сақ болуды ескертеді.

Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.