Науқастың антибиотикке аллергиясы болған.
Қарағандылық ер адам ауруханада алған екпеден соң көз жұмды
1,044
оқылды

Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасында 40 жастағы ер адам анафилактикалық шоктан көз жұмды. Науқастың антибиотикке аллергиясы болғаны анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қайғылы оқиға 8 қарашада болған. 40 жастағы қарағандылық ер адамға жоспарлы ота жасау керек еді. Операция алдында медбике оған тамыр арқылы цефтриаксон дәрісін енгізген. Артынша науқас қайтыс болды.

Облыстық клиникалық аурухана анафилактикалық шоктан жоспарлы ем алу кезінде науқас көз жұмғанын растады.

"Науқасқа операция кезінде ықтимал асқынуларды болдырмау үшін профилактикалық мақсатта Цефтриаксон препараты тағайындалды. Науқастың "Цефтриаксон" препаратына аллергиясы бар екені туралы айтылғанын ескере отырып, клиника дәрігерлері аллергологиялық және иммунологиялық көмек көрсету стандартының талаптарына сәйкес оны енгізер алдында терісіне аллергиялық сынақ тағайындады, ол теріс нәтиже көрсетті. Науқастың амбулаториялық картасында аллергиялық реакция бар екені туралы деректер болған жоқ", – деп хабарлады Облыстық клиникалық ауруханадан.

"Цефтриаксон" препаратын көктамыр арқылы енгізгеннен кейін ер адамда анафилактикалық реакция пайда болған.

"Реанимация дәрігерлерінің барлық күш-жігеріне қарамастан, науқас қайтыс болды. Облыстық клиникалық аурухананың Денсаулық сақтау саласындағы НҚА талаптарына сәйкес дәрілік препаратты қолданудың теріс салдары туралы Ұлттық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау орталығына хабарлама, Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментіне жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде өлім туралы шұғыл хабарлама жіберілді", – деп толықтырды Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасында.

Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта Қарағанды облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық қызмет сапасын бақылау комитеті жоспардан тыс тексеру жүргізуде.

Тексеру нәтижелері бойынша шаралар қабылданады.