Хиджаб киген екі қыз бір қызды жабылып тепкілеп жатқаны көрінеді. 
Хиджаб киген қыздардың төбелесі жұртты шошытты
Фото: qazaqinfo.kz
1,959
оқылды

Әлеуметтік желіде хиджаб киген бірнеше қыз төбелесіп жатқан видео тарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде хиджаб киген бірнеше қыз төбелесіп жатқан видео тарады. Онда хиджаб киген екі қыз бір қызды жабылып тепкілеп жатқаны көрінеді. 

Ria.ru басылымының мәліметінше, бұл оқиға Дағыстан астанасы Махачкалада болған. 16 және 17 жастағы екі қыз 13 жастағы қызды ұрып-соққаны белгілі болды. Дағыстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері екі қыз полиция бөліміне жеткізілгенін айтты. 

"Махачкала полициясы видеодағы қыздарды анықтап, ата-аналарымен бірге қосымша тергеу үшін полиция бөліміне жеткізді. 16 және 17 жастағы екі қыз – Махачкала тұрғындары", – делінген хабарламада.

Ұрып-соққан қыздардың бірінің айтуынша, төбелес 20 қыркүйекте болған. Бұған дейін ұзақ уақыт қыздар өзара келіспей жүрген. Кейін бұл төбелеске ұласқан. 

"Сөйлестік, ол мені де, тобымды да сындыру қиын болмайды деді... Сосын анам туралы жаман сөздер айтты. Мен оны ұрдым, төбелесіп қалдық... Бірінші соқтым, сосын досым ұра бастады. Екеуміз ашуланып, өзімізді ұстай алмай қалдық", – деді қыздардың бірі полицияға.

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімше қызметкерлері қыздарды тіркеуге алған. Ішкі істер министрлігі сот ісі аяқталғаннан кейін жасөспірімдер мен олардың ата-анасына заңда көзделген шаралар қолданылатынын атап өтті.