Сонымен бірге, Honda Odyssey автокөлігі қатты екпінмен көшенің жарық шамдарының бағанына және ВАЗ-2107 автокөлігіне соғылған.
Көкшетауда әкесінің көлігін сұрамай мініп кеткен үш бала апатқа ұшырады
833
оқылды

Көкшетауда жасөспірімдер мінген көлік жол апатына ұшырап, бірнеше көлік пен жол бойындағы жарық бағанасын қиратып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақмола облыстық Полиция департаменті жол-көлік оқиғасының 3 желтоқсан күні 19:30 шамасында Тәшенов көшесінің бойында болғанын жазды.

Анықталғандай, Тәшенов көшесінің бойында жылдамдық режимін сақтамаған Honda Odyssey автокөлігінің жүргізушісі автотұрақта тұрған Hyundai i40 көлігін соққан.

Қатты соққыдан көлік орнынан жылжып, мешіт қоршауын қиратқан.

Сонымен бірге, Honda Odyssey автокөлігі қатты екпінмен көшенің жарық шамдарының бағанына және ВАЗ-2107 автокөлігіне соғылған.

Кейін Honda Odyssey жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті. Дегенмен тәртіп сақшылары кінәлі жүргізушіні анықтады.

Белгілі болғандай, көлікті жүргізген 16 жасар жергілікті тұрғын болып шықты.

"Сонымен бірге, көліктің салонында 14 жасар ұл мен 17 жасар қыз бала болды. Көлік 14 жасар баланың әкесіне тиесілі, жасөспірімдер көлікті рұқсатсыз алған.

Қазіргі кезде «Honda Odyssey» автокөлігі мамандандырылған автотұраққа қойылып, сараптама тағайындалды", – делінген ақпаратта.