Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай денесі көршісінің кәріз құбырынан табылған 4 жасар Айбардың қазасына қатысты жазба жариялады.
Айтуға бата алмадым: Түркістандағы 4 жасар баланың қазасына қатысты тың дерек шықты
2,133
оқылды

Күллі Түркістан жұрты 3 күн іздеп, барша ел алаңдаған 4 жасар Айбардың денесі табылғанын еске салған журналист оқиғаның хронологиясымен бөліскен, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

"1/12. Екі кеш арасында ойнаймын деп көшеге шыққан бала ізім-қайым жоғалды. Ол әдетте үй маңынан ұзамайтын дейді анасы Әйгерім. Ойнаса да алысқа бармай, көршінің баласымен ғана бір нүктеде отырып ойнайтын, қайда кетуі мүмкін деп алаңдайды. Сол кеште-ақ полицияға хабар берілді. Балақайдың туған-туыстары мен ауыл жұрты із кесіп шықты", - деген Гүлмира Әбіқай.

Түн өтіп, таң атқанымен Айбартай табылмаған. Алаңдаған жұрт белгілі экстрасенс Кямран Самедовке шығып, жөн сұрайық деп шешкен.

"Кямранға қанша хабарласқанымен, байланыса алмаған жұрт маған шығып сөйлесіп беріңізші деп өтінеді. Бәрі менің қолымда тұрса, қане. Дегенмен Айбардың анық фотоларын жүктеп мән-жайды жекесіне жібердім. Бір қарасам, Кямран өзінің Сочи жақта көшіп-қонып жүргенін айтып, байланыс нашар деді. Айбардың фотосына қарай салып "Он теплый, живой, ищите возле воды, далеко не ушел” дегенді жеткізіп үлгерді.

2-тәулік. Күндіз баланың анасымен сөйлестім. Өз айтарын видеомен жеткізуін сұрадым. Бірақ ары қарай анасынан еш хабар болмады", - делінген жазбада.

Кешкісін көріпкел журналиске "Он полу теплый вижу, половина теплый, половина холодный, надо спешить Гульмира ханым, воду вижу, влага, дом, недалеко” деп жазған.

"Баланы жақын жерден, су маңынан іздеңіздер, деп сториске салып қойдым. Бірден @turkistan_polisia барлық ақпарат назарға алынғанын жеткізді.

Жалпы, менің байқағаным егер, кенеттен балаңыз жоғалып ол су маңында десе есте болсын.

Су деген жылтыраған үлкен айдын көл, өзен ғана емес. Кішкентай лоток, канал, септик, люк, шалшық, тіпті, көршінің дәретханасы болуы да бек мүмкін. Су дегені ылғал дегенді білдіреді екен.

03/12. 01:50 Кямраннан тағы бір смс келіпті, сумен байланысты жерде жатыр бала, вряд ли живой деп қосыпты", - дейді жазба авторы.

Ол әкесіне шет жағасын айтайын деген, алайда ол тыңдағысы келмеген.

"Ал анасымен қазірге дейін 3 рет байланыстық, оған соңғы СМС-ті айтуға бата алмадым.

03/12. Сағат 15-терде бүкіл ел-жұрт бірнеше шақырымнан іздеген Айбардың денесі көршінің септигінен табылды.

Қош, періште.

Қара жамылған отбасына қайғыра көңіл айтамын", - деп жазды Гүлмира Әбіқай.