Өзгерістер дәуірінде, сая­сат жай өзгеріп қана қой­май, қызу қайнап жат­қан кезінде депутаттық ман­­даттардан мүгедектігі бар азаматтарға квота бе­рілуі Президенттің рефор­ма­ларының ең бір револю­ция­лық сипатын айшықтай түседі.
Баршаға тең берілген мүмкіндік – Ерлан Әбдиев
1,416
оқылды

Өйткені бұл жай ғана реформа емес, ха­лық­­тың күші оның өкіл­де­рінің әралуан­дығымен көрініс таба­тынын паш ету еді. 

Мемлекет басшысы өзгеріс­тердің қуат-күшін парламенттік билікке шоғырландырды. Әрі тек ұсынып қана қоймай, шешім қабылдау процесіне мүгедектігі бар адамдарды қосудың маңыз­дылығын да атап көрсетті. Пар­ламент қоғамның айнасына ай­налды. Онда әр азамат өз мүмкін­діктеріне қарамастан ел дамуына үлес қоса алады. Бұл бастама тек сөз жүзінде қалған жоқ, сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі жандар үшін платформа жасалды. Олар­дың сарапшылық қабілет­тері мен елдің саяси сипатына қосқан үлесі мойындалды. 

Парламент те, мәслихаттар да мүгедектігі бар тұлғалар үшін ой-пікірін жеткізетін мінбер ғана емес, батыл әрекет ететін аренаға айналды. Осылайша, Президент қайырымдылыққа емес, өзара қарым-қатынас пен түсіністікке шақырып отыр. Бұл революция­лық бастамада әркім өз үнін қоса отырып, ұлттың симфониясын жасауда. Осынау реформалық жаңашылдықты жаңа дәуірдің манифесі деуге болады. Онда билік ортақ меншікке айналады, ал мүгедектік – біздерді қоғамға қосу мен құрметтеудің асыл үл­гісі. Президент баршаға тең мүм­кіндіктер есігін ашып қана қой­май, мүгедектігі бар адамдармен бірге ұлттың саяси ұлылығына да жол ашты.