Пәтер алуға деп ақша төлеген салымшылардың қаражатын жымқырған.
Үлескерлердің 400 миллион теңгесін қолды қылған компания басшысы ұсталды
Фото: ҚМА баспасөз қызметі
1,167
оқылды

Ақтау қаласында салымшылардың қаражатын қолды қылған "Багис" ЖШС басшылығына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Компания басшылары "Атамекен" тұрғын үй кешенінен пәтер алуға деп ақша төлеген салымшылардың сеніп тапсырған қаражатын қолды қылған,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Тергеу барысында ЖШС директоры 2017 жылдың наурызы мен 2022 жылдың қыркүйегі аралығында тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтау сылтауымен 119 үлескерден  ірі көлемде 400 млн теңгеге жуық ақшалай қаражат иемдегені анықталды. ЖШС басшысына қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды»,  деп хабарлады ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде, қосымша сот сараптамаларын жүргізу күтілуде, оның нәтижелері бойынша күдіктінің іс-әрекеттеріне түпкілікті құқықтық баға беріледі.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.