Олардың көбі Ауғанстаннан келгендер.
Жамбыл облысында шекараны заңсыз кесіп өткен 30 шетелдік ұсталды
Фото: Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі
1,604
оқылды

Жамбыл облысында Қазақстан аумағына шекараны заңсыз кесіп өткен 30 шетелдік азамат анықталды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Елге заңсыз өткен шетелдіктердің көбі Ауғанстаннан келгендер. Олардың ішінде 16 Ауғанстан азаматы, 5 Непал азаматы, 4 Пәкістан азаматы, 3 Үндістан  және 2 Шри-Ланка азаматы бар.

«Мәселен, Қазақстанның мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өткені үшін шалғай шетелдерден келген 30 шетелдік азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылып, Қазақстан аумағынан тыс жерге  шығарылды. Полиция қызметкерлері заңсыз еңбек мигранттарын анықтауға бағытталған іс-шаралар өткізуді жалғастыруда»,  делінген ПД хабарламасында.

Қазақстанда заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстанның 8 азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға қатысты іс материалдары аудандық сотқа жолданды.