ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.
Павлодар облысында өгей әке 8-сынып оқушысын зорлап, жүкті еткен
756
оқылды

Оқушының аяғы ауыр екенін мектеп әкімшілігі байқаған, –  деп хабарлайды Aikyn.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыс аудандарының бірінде мектеп директоры мен сынып жетекшісі 8-сыныпта оқитын қыз баланың іші шығып қалғанын байқаған. Олар оның анасымен бірге ауруханаға барып, жағдайды білген.

«Ол бірден өзінің өгей әкесінің әрекеті туралы айтып берген. Мектеп директоры, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және сынып жетекшісіне қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылды», – деді ауданның білім беру бөлімінде. 

Қазіргі кезде облыстық Полиция департаменті ҚР ҚҚ-нің 120-бабы 4-бөлігі ("Зорлау") бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап, күдіктіні ұстады.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.