Оқушылар тыйым салынған интернет-контенттерге еркін қол жеткізген.
БҚО-да 14 мектеп директоры жауапқа тартылды
Фото: te-st.org
4,355
оқылды

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының прокуратурасы жүргізген талдауда кәмелетке толмаған оқушылардың білім беру мекемесінің қабырғасында (14 мектептің информатика кабинеттерінде) тыйым салынған интернет-контенттерге еркін қол жеткізу фактілері анықталды,  деп хабарлайды Aikyn.kz БҚО прокуратурасы ресми сайтына сілтеме жасап. 

Осылайша, мониторинг барысында кәмелетке толмағандардың әртүрлі суицид пен зорлық-зомбылық көріністері бар сайттарға еркін кіру мүмкіндігі белгілі болды.    

Осылайша, жол берілген бұзушылықтар үшін облыстың Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне прокурорлық қадағалау актісі енгізілді, оның нәтижелері бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 409-бабының 7-2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке 14 мектеп директоры тартылды.

Бүгінгі таңда прокурорлық қадағалау актісімен ауданның барлық білім беру мекемелерінде осындай интернет-сайттарға кіруге шектеулер қойылды.