Кездесуде Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелері және даму перспективалары қарастырылды.
Президент  Ресейдің Қазақстандағы елшісін қабылдады
628
оқылды

Мемлекет басшысы Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, –  деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан Президенті мемлекетаралық байланыстардың барлық бағыты бойынша екі ел арасында тұрақты диалог қалыптасқанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Ресей президенті Владимир Путиннің жуырда Астанаға жасаған ресми сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтар тату көршілік қатынастарды жан-жақты нығайтуға бағытталған өзара ұмтылысты тағы да растады.

Сонымен қатар кездесуде Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің өзекті мәселелері және даму перспективалары қарастырылды.