Тәркіленген заттар 80-нен астам доза болатын 25,10 грамм мефедрон синтетикалық есірткісі екені анықталды.
Атырауда есірткі тасымалдаумен айналысқан күзетші ұсталды
1,453
оқылды

Күдікті 15 қараша күні қолға түскен. Оны Атырау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру  шаралары кезінде  Жайық өзені жағасында қолға түсірген,  деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі.

1982 жылғы тұрғынды тексеру кезінде күдіктінің сырт киімінен және тіркелген мекенжайынан  қара изолентаға оралған 15 орама есірткі және қала аумағында күдікті жасырған 4 орамадағы есірткі табылып, тәркіленді. Сонымен қатар тексеру барысында 1982 жылы туған күдіктінің қала аумағындағы мекемелердің бірінде күзетші болып жұмыс істеп, жұмыстан бос кезінде синтетикалық есірткіні жасыру әдісі арқылы пайда таппақ болғаны анықталды. 

Сараптамаға сәйкес тәркіленген заттар 80-нен астам доза болатын 25,10 грамм мефедрон синтетикалық есірткісі екені белгілі болды. 

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің  297-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Баян Жанұзақова