Ақтаулықтардың айтуынша, қаланың кейбір аудандарында жер сілкінісіне ұқсас діріл мен дүмпулер сезілген.
Ақтауда жер сілкінісі сезілді
3,184
оқылды

Бакуден 67 шақырым жерде магнитудасы 5,0 болатын жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулері Ақтауда да сезілді, –  деп хабарлайды Aikyn.kz orda.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтаулықтардың айтуынша, қаланың кейбір аудандарында жер сілкінісіне ұқсас діріл мен дүмпулер сезілген.

Адамдар үйлерінде «ыдыс-аяқ сықырлағаны»  туралы айтып жатты.

«Мен өзім дірілді сезіндім және  ыдыс-аяқтарым сәл сықырлады. Интернетке кірсем, басқалар да не сезгендері туралы жазыпты. Бұл жер сілкінісі сияқты. Басында мен бұл жай ғана елес деп ойладым. Диванға отыра бере екі жаққа теңселіп кеттім»,   дейді қала тұрғыны.

Бүгін таңғы сағат 9.15-те Бакуден шамамен 67 шақырым жерде магнитудасы 5,0 болатын жер сілкінісі тіркелгені белгілі болды. Жер сілкінісінің ошағы Каспий теңізінде орналасқан.