Ауру ошағында эпидемиологиялық тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
«Біреуі қайтыс болды»: БҚО-да балалар арасында қауіпті дерт тарады
Фото: Shutterstock
1,894
оқылды

БҚО-дағы Тасқала ауданының орталығы Тасқала ауылындағы балабақшада 6 бала скарлатинаға шалдыққаны анықталды. Аталған дерт салдарынан 4 жасар қыз қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, осыған байланысты Тасқала ауданы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысымен балабақша карантинге жабылды.

Бүгінде ауру ошағында эпидемиологиялық тексеру жұмыстары жүріп жатыр. 

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, скарлатинаға шалдыққан балалардың бірі өте ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр.

Қалған үшеуінің жай-күйі орташа.

Аталмыш дерт салдарынан ауруханаға түскен қыз бала қайтыс болды.

«Қыз бала өлімінің нақты себебі паталогоанатомиялық зерттеу қорытындысынан кейін белгілі болады», – делінген Денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.