Қазір жылу беру біртіндеп қалпына келтіріліп жатыр.
Степногорда желіден ақау шығып, тұрғындар жылусыз қалды
899
оқылды

7 желтоқсанда Ақмола облысындағы Степногор қаласында кварталішілік жылу магистралінде апат болып, салдарынан тұрғындар жылусыз қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Көпқабатты үйлерге жылу беруді қалпына келтіру және үйлестіру үшін облыс әкімі М.Ахметжановтың төрағалығымен жедел штаб құрылды.

Бүгін Степногор қаласында кварталішілік жылу магистраліндегі апат жойылып, тұрғын үйлерге жылу беріле бастады.

– 8 желтоқсанда 08:10-да дәнекерлеу жұмыстары аяқталып, жүйеге су жіберілуде. «Степногорск Теплотранзит» ЖШС мамандары қала тұрғындарының үйлерінде жылумен жабдықтауды қалпына келтіру және апатты жою бойынша жұмыстар жүргізді. Оны аймақ басшысы Марат Ахметжанов өзі бақылап жүр», – делінген облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінде.