Желіде тараған ақпарат бойынша, тізім "Айканың" телефонындағы жеке деректер негізінде жасалғаны туралы ақпарат тарады. 
«Әншілер мен шенеуніктер бар»: ІІМ атышулы "Айканың тізімі" туралы мәлімдеме жасады
2,445
оқылды

Түрлі БАҚ пен әлеуметтік желіде "Айканың тізіміне" қатысты дау туды. Желіде тарап кеткен құжатта элиталы эскорт қыздарды "жалдады" деген адамдардың жеке деректері тарап кеткен. Атышулы тізімде қазақстандық әншілер мен шенеуніктер де жүр, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Желіде тараған ақпарат бойынша, тізім "Айканың" телефонындағы ақпараттар негізінде жасалғаны туралы ақпарат тарады. 

ІІМ бұл ақпаратқа қатысты түсінік берді. ІІМ осы тізімдер қайдан шыққанын анықтау үшін қызметтік тексеру жүргізеді.

"Әлеуметтік желілерде Дербес деректер туралы мәліметтердің тарауы, дұрыстығы және таратылу мән-жайлары жүргізіліп жатқан тексеру шеңберінде белгіленеді", – дейді ІІМ өкілдері.

ІІМ Қылмыстық кодекстің 309-бабы, сондай-ақ 296-бабы бойынша жүргізілген сотқа дейінгі тергеу туралы еске салды. Басқа ақпарат жариялауға жатпайды.

Сондай-ақ, полицейлер 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған дербес деректерді таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертті.

Еске салайық, биыл 6 маусымда танымал модель әрі блогер жезөкшелікпен айналысатын "элиталық эскортницалар" желісінің ұйымдастырушысы болғаны хабарланған еді.

ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері Көліктегі полиция департаментінің ҰҚҚКБ-мен бірлесіп, сол топтардың ұйымдастырушысы мен әкімшісі – 25 жастағы алматылық қызды ұстады. Ол ақшаға сексуалдық қызмет көрсетуге дайын келбетті қыздарды іздеп, бай клиенттерді тартумен айналысқан. 

Ол қыздарға "демеушілерді" табуға, әлемді көруге және өмірін жеңілдетуге уәде берген. Топқа кіру 300 АҚШ долларын құраған.

Көрсетілген жеңгетайлық қызметі үшін күдікті клиенттен түскен ақшаның 40 пайызын өзіне алып отырған. Ал қалғанын қызмет көрсеткен қыз алған. "Кездесудің" құны бір сағат үшін 500 мың теңгеден бастап, әртүрлі бағамен өлшенген.

Қаржы мониторингі агенттігімен бірлесіп деректерді талдау нәтижесінде күдіктінің 2022 жылғы қаражат айналымы анықталды. Ол 209 миллион теңгеден астам сома.