Қашқын Қылмыстық кодекстің 120-бабы бойынша ("Зорлау") 10 жылға бас бостандығынан айырылған.
Қарағандыда 1 қылмыскер қашып кетті, 9 қызметкер жауапқа тартылды
2,095
оқылды

Қарағанды облысында сотты болған адам медицина мекемесінен қашып кетті. Істі тергеу нәтижесінде өңірдегі Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 9 қызметкері жауапқа тартылды, деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметтік тексеру жүргізіп, 1 қызметкер ішкі істер органдарынан жұмыстан кетті, тағы 1 қызметкер лауазымынан төмендетілді. 4 қызметкер қызметіне толық сәйкес келмейді деп танылып, 2 адамға сөгіс жарияланды»,  деп хабарлады Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 18 маусым күні сотталған адам Қарағанды қаласының медициналық мекемесінен қашып кеткен болатын. Оны ҚАЖД қызметкерлері күзету керек еді. Алайда сотталған ебін тауып, қашып кеткен.

Жедел-іздестіру шарасының барысында қашқынды ҚАЖД мен өңірдің жол полициясы қызметкерлері бірігіп ұстаған.

Сотталған Қылмыстық кодекстің 120-бабы бойынша ("Зорлау") 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Сот процесі 2022 жылы Орал қалалық сотында өтті. Жазасын өтеу үшін ол Қарағанды облысындағы түрмелердің біріне жеткізілген.