Оқу жылы биыл 25 мамырда аяқталады.
Мектеп оқушылары қысқы каникулда неше күн демалады?
3,280
оқылды

Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2023-2024 оқу жылында қысқы каникул 29 желтоқсан күні басталатынын хабарлады,  деп жазды Aikyn.kz.

"Қысқы каникул 2023 жылғы 29 желтоқсанда басталып, 2024 жылғы 7 қаңтарды қоса алғанда күнтізбелік 10 күнге жалғасады", – делінген министрлік дерегінде.

Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. 11 күндік көктемгі каникул 2024 жылғы 21 наурызда басталып, 31 наурызға (қоса алғанда) дейін жалғасады.

1-сынып оқушылары үшін 2024 жылғы 5-11 ақпан күндері аралығында қосымша бір апталық демалыс беріледі. Оқу жылы биыл 25 мамырда аяқталады.