Кінәлі тараптар нақты анықталса, заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Су басып қалды: Риддерде төтенше жағдай жарияланды
859
оқылды

Риддер қаласын жарып өтетін Хариузовка өзені 8 желтоқсан күні түнде арнасынан асып, екі үй мен алты ауланы су басып қалды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазіргі таңда жедел штаб құрылып, түннен бері жұмыс істеп жатыр. Кінәлілер жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы қала әкімі мәлімдеді.

"Мамандар баспаналар мен аулаға жайылған су сорылғанын, енді үйдің іргетасын кептіру керектігін айтады. Қала басшысының айтуынша, бұл жағдайға жергілікті су электр стансасының қоймадан шамадан тыс су босатуы себеп болуы мүмкін. Қар мен қатқан мұз да кесірін тигізіп, соңы осындай жағдайға ұласқан. Бастысы қазір қауіп сейілді,  деп хабарлайды "Хабар 24".

Риддер қаласының әкімі Дәулет Батырбаевтың сөзінше, бұл дерек бойынша комиссия толыққанды тексеру жүргізетін болады. Кінәлі тараптар нақты анықталса, заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

"Қазір тұрғындарға қауіп жоқ. Олар эвакуациялық пунктке барудан бас тартты. Су деңгейі төмендеді. Енді шығын көлемі есептеліп жатыр",  деді ол.