Шетелдіктерді жеткізу жұмыстарына Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдары мамандары атсалысқан.
Ақмола облысында 26 шетелдік аязда айдалада қалып қойған
1,854
оқылды

Көкшетау қаласындағы жылыту бекетіне Тәжікстанның  26, Өзбекстанның 2 азаматы, оның ішінде 2 бала жеткізілді, деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Құтқарушылар шетелдіктерді 9 желтоқсан күні сағат 01.00-де "Астана-Петропавл" тасжолындағы блокбекеттен эвакуациялады. 

Ақмола облыстық ТЖД ел азаматтарына төтенше жағдайға тап болған кезде 112 нөмірі бойынша дереу хабарласу қажеттігін еске салады.