Алматы-2 – Орал бағытындағы №51 "Тальго" жолаушылар пойызынан техникалық ақау шықты.
6 сағат тоқтап тұрды: Алматыдан Оралға шыққан пойыздан ақау шықты
1,687
оқылды

Осыған байланысты аталған пойыз сағат 20.35-тен 02.13-ке дейін Тобыл стансасында тоқтап тұрды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, пойыз ақауы жойылғаннан кейін сағат 02.13-те Тобыл стансасынан Оралға 6 сағат 05 минут кешігіп жөнелтілді.

"Орал стансасына 6 сағат кешігіп келуі мүмкін. Пойыз тоқтаған кезде жолаушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді",  деп жазды компаниядан.

Ведомство келтірілген қолайсыздық үшін жолаушылардан кешірім сұрайды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының аумағында теміржол көлігімен жолаушыларды жүгімен тасымалдау қағидаларына сәйкес, ақшаны қайтару және жолаушыларға өтемақы төлеу шаралары қолданылады.