Маңызды ойынның ресми добы FUSSBALLLIEBE деп аталады.
2024 жылғы Еуропа чемпионатының добы қандай болады?
917
оқылды

 Бұл сөзді неміс тілінен аударғанда "футболға деген махаббат" дегенді білдіреді,  деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Келесі жылғы Еуропа чемпионатында тұңғыш рет Adidas Connected Ball технологиясы қолданылады. Ол арқылы VAR жүйесімен шешім қабылдау жеңілдейді, ал доп ішіндегі CTR-CORE ядросы формасын сақтау мен ішіндегі ауаның бірқалыпты болуын бақылайды. 

Айта кетейік, 2024 жылғы Еуропа чемпионаты 14 маусым мен 14 шілде аралығында өтеді. 

Қазақстан ұлттық құрамасының Еупопа чемпионатына қатысуға әлі де болсын мүмкіндігі бар. Ендігі үміт – Ұлттар лигасында. Ол турнирде отандастарымыз жеңіске жетсе, Германияда жалауын желбірететін Еуропа чемпионатына қатыса алады.