Өрт ескі әуежай шағын ауданының 13а мекенжайында болған.
Көкшетауда жеңіл көлік өртеніп кетті
841
оқылды

Көкшетауда жеңіл автокөлік өртеніп кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. 

Өрттің шығуына көліктің қозғалтқышындағы электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. 

Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға бүгін таңғы 8:08-де Ескі әуежай шағын ауданының 13а мекенжайында болған. 

– Жеңіл автокөлік өрті 2 шаршы метр аумақты қамтыды. Өрт 8:14-те сөндірілді. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар болған жоқ. Өрт көлік қозғалтқышындағы электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан. Оқиға орнына жеке құрамның жеті қызметкері мен бір техника барды, – деді Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен. 

 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы