Іздестіру-құтқару жұмысында үйінді астынан екі адам құтқарылды, тағы біреуі өлі күйінде табылды.
Қостанайда 7 адам қираған үйдің астында қалып қойды, бір адам өлі табылды
1,049
оқылды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Қостанайда газ жарылуы салдарынан қираған ғимарат туралы ақпарат берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«11 желтоқсан күні сағат 12:39-да Қостанай қаласының Амангелді кентінде газ-ауа қоспасының жарылысы салдарынан жүк көлігін жөндеуге арналған бір қабатты ғимараттың қирағаны туралы хабар түсті. Куәгерлердің айтуынша, үйінді астында адамдар болуы мүмкін», – делінген хабарламада.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Қостанай облысы ТЖД және жергілікті атқарушы орган күш-құралдары жұмылдырылған.

Алғашқы медициналық көмекке 12 адам жүгінді.

«Іздестіру-құтқару жұмысында үйінді астынан екі адам құтқарылды, тағы біреуі өлі күйінде табылды, оның аты-жөні анықталып жатыр. Іздеу жалғасуда. Ақпарат түсуіне қарай тағы толықтырылады», – дейді министрлік.