Қоғамдық қабылдауда шу шығарды
Қоғамдық қабылдауда шу шығарды
310
оқылды
Nur Otan   партиясының Алматы қалалық филиалында өткен қоғамдық қабылдау кезінде Әлнұр Ильяшев, Даная Қалиева, Геннадий Крестьянский, Дәулет Әбілқасымов, Юрий Маленьких және Мәдина Көкетаева шу көтеріп,  партия қызметкерлерінің қатардағы азаматтарды қабылдауына кедергі жасады. «Айқынның»  Алматыдағы меншікті тілшісінің хабарлауынша, олардың іс-әрекетіне  қоғамдық қабылдауға келген тұрғындар  наразылық танытқан.  Басылым тілшісінің хабарлауына қарағанда,  аталған 6 азамат  партия  филиалының ғимаратында өздерін тым дөрекі ұстаған. Ғимаратқа кірген бетте ешкімнен рұқсат сұрамай, жиналғандарды  мобильді құрылғыларының  бейнекамерасына түсіріп,  филиал  қызметкерлерімен және қабылдауға келген азаматтармен сөзге келген. Түрлі ұрандар айтып, талаптар қойған.    width= Алтауын сабырға шақырып,  конструктивті диалог орнатуға ұмтылған  партияның Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Станислав Канкуровтың  сөзіне олар құлақ аспады. Өзара салмақты, сабырлы әңгіме өрбіту мүмкін болмады. Керісінше, алтауы филиал жұмысына  барынша кедергі жасауға тырысты. Өздерін тым дөрекі ұстаған әлгі топтың кесірінен филиалға келген азаматтар қоғамдық қабылдауға кіре алмай қалды. Қоғамдық қабылдауға келген азаматтар  алтауына ренжіді.    width= Сондай азаматтардың бірі: «Сендерде ұят жоқ екен. Біз бәлен күн бұрын жазылып,  арнайы келдік. Міне, кезек күтіп отырмыз. Сендер кезексіз кіріп, 33 минут отырсыңдар. Үлкенді сыйлауды, азаматтарды қадірлеуді білмейді екенсіңдер» деп кейіді. Олар  әлгі азаматтарға өкпе-реніштерін  қоғамдық қабылдаудан  кейін әлеуметтік желілер арқылы да білдіріп жатыр. Жалпы,  Nur Otan   партиясы үшін  аталған 6 азамат «жаңа есім» емес. Олар  бұдан бұрын да партия  жұмысына кедергі келтіруге тырысқан. Бірнеше рет дөрекілік көрсетіп, түрлі шараларға бөгет болуға тырысқан. Онымен шектелмей, 2019 жылы Ә.Ильяшев пен Марат Тұрымбетов және Санавар Закирова  Nur Otan партиясын сотқа берген болатын. Олар Nur Otan  белсенділердің «Наше право» партиясын құруына кедергі жасағанын алға тартқан. Бірақ сот дәлелдің жетіспеушілігіне байланысты талап-арызды   қанағаттандырудан бас тартқан. Филиалға келген кісілердің арасында М.Тұрымбетов секілді алдын алаяқтық бабы бойынша жауапқа тартылғандар да бар.    width= Nur Otan партиясы мен  оның төрт мүшесі шу шығарғандардың видеосына жауап ретінде  олардың үстінен ар-намысты қорғау бойынша арыз түсірген еді.    width= Нәтижесінде, сот Ильяшев, Тұрымбетов және Закирова  үшеуіне  өздері таратқан  ақпаратты теріске шығарып,  көпшілік алдында кешірім  сұрауды,  арыз берушілер талап еткен өтемақыны төлеуді міндеттеген еді. Арыз берушілер өтемақыны  қайырымдылық мақсатқа жұмсамақ болды. Алайда  жауапкерлер сот шешімімен келіспей, аппелецияға берген. Бірақ  аппелециялық сот бастапқы шешімді өзгеріссіз қалдырды.