Сонымен қатар той кортежі жол ережесін бұзғаны белгілі болды.
Үйлену тойында аспанға оқ атқан түркістандық жігіт жазаға тартылды
940
оқылды

Түркістан облысында үйлену тойында аспанға қарумен оқ атқан 19 жасар жігіт жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Оtyrar.kz-тің жазуынша, жас жігіттердің аспанға қандай да бір қарумен оқ атқаны және кортеждегі жүргізушілердің жол ережесін бұзғаны видеоға түсіп қалған.

Полиция қызметкерлері оқиғаның Түркістан облысы Сайрам ауданында болғанын анықтады. Сондай-ақ, жас жігітке ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 485-бабы 1-бөлігімен хаттама толтырылды.

"Сайрам ауданының полицейлері 19 жастағы тұрғынның қолындағы қарудың сигналдық қару екенін анықтады. Сонымен қатар жол ережесін бұзған жүргізушілердің жеке басы нақтыланып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің төрт бірдей бабымен хаттама толтырылды", – деді  Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәр Әбдужаппарова.