Бочча деп аталатын спорт түрі жай­лы көп естімейтініміз рас. Елімізде бұл спорт енді ғана дамып, мүгедектігі бар азаматтар, оның ішінде балалар мен жастардың арасында қарқын алып ке­ле жатыр.
Рухы мықтылар ойыны
2,141
оқылды

Паралимпиадалық ойын­дар­дың бағдарламасына қосылған атал­мыш спорт түрінен жақында Қа­зақ­стан кубогы сарапқа салынған сайыс өтті.

Ел тарихында боччадан тұңғыш рет өткізілген жарысқа еліміздің 10 өңірінен келген 11-14 жас аралығындағы 64 жас­өспірім қатысты. Олардың қатарында дебю­тант­тар да бар екенін атап өткен жөн. Екі күндік үздік нәтижелерімен 34 бочча шебері жеңіс тұғырынан көрінді. Боччадан спортшылардың да кәсіби деңгейі артып келеді. Бұған Қазақстан бочча федерация­сының ресми түрде Халықаралық бочча фе­дерациясының мүшесі болып тіркелуі және ел чемпионатының өткізілуі айқын дәлел. 

Инклюзивті доп бәсекесі бойынша бақ сынағандардың қатарында көзі нашар көр­етін, даун синдромы бар, аутизм, психика­лық дамудың баяулығы және басқа да дертке шалдыққан балалар мен ересек аза­маттар бар. Соның бірі – Қуаныш Ас­қарбеков. Ол биыл Қытайда өткен Азия пара ойындарына қатысып, жалпыкоманда­лық есепте сегізінші орынға қол жеткізді. Қуаныш бұл турнирдің өзінде екі ойын өт­кізген. Екеуінде де жеңіске жетіп, жарты­лай финалға жолдама алған. 

– Боччамен айналысып жүргеніме 1 жыл­дан асты. Спортқа бет бұрғаныма аз уа­қыт болса да, жетістіктеріммен қуанамын. Дене шынықтыру факультетінде тренер ма­мандығы бойынша оқимын, 1-курс сту­ден­тімін. Боччаға келгеннен бері көп дос таптым. Ойынның шарты өте қызық. Не­гізі, бұл біздің асық ату ойынына ұқсас келеді, кішкентай допты алысқа лақтырып,  Менің мақсатым – боччада өзімнің атымды қалдыру және әлем чемпионы атану. Бочча біздің спортпен шұғылдануымызға мүмкін­дік береді, осы арқылы уақытымды да қызықты өткізіп жүрмін, – деді ол. 

Қазір Павлодар, Қарағанды, Маңғыстау, Атырау, Қостанай, Абай және Жетісу облыстарында боччадан өңірлік федерация­лар ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Боччадан Қазақстан кубогы жолындағы жарысты Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен Қазақстан бочча федерациясы ұйымдастырды. Сондай-ақ сайысқа Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы, «Самұрық-Қазына» АҚ және Sport qory туризм және спорт индустриясын қолдау қоры қолдау көрсетті. Сонымен қатар мүгедектігі бар адамдарға арналған шағын ғана допты лақтырып ойнайтын сайыста ел аумағында енді дамып келе жатқан спорт түріне қолдау көрсету мақсатында жақында ғана Павлодар қаласында өткен U-23 Қазақстан Кубогінің жеңімпазы атанған «Астана Жастар» командасының ойыншылары, бапкерлік құрамы мен команда басшылығы жарыс қатысушыларына ерекше қолдау білдірді. 

Сайыс қорытындысы бойынша, әйел­дер арасында кубоктің үздік ойыншысы елордалық Итиана Шыңғысханқызына бұйырса, ерлер арасынан павлодарлық Александр Құрмантай үздік атанды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, дүбірлі додада жеңіске жеткендері Ұлттық құрама сапына қабылданып, алдағы халықаралық бәсекелерде ел намысын қорғауға мүмкіндік алды.

Боччамен балалар да, ересектер де ай­налыса алады. Тірек-қимыл аппараты бұ­зыл­ған адамдар үшін «Саламатты болашақ» жобасы аясында ашылған үйірмелер еліміздің 21 қаласында жұмыс істеп тұр. Үйір­медегі 6 жастан 43 жасқа дейінгі бочча­шылардың жалпы саны 150-ге жетіпті. 

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ