Түркістан облысында жергілікті бюджетке түсетін салықтар мен басқа да салықтық емес түсімдердің жоспары жылдан-жылға ұлғайып келеді. Бұл туралы Түркістан облысының Қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы бас­шы­­­сының  міндетін уақытша атқарушы Нағима Нұрманова атап өтті.
Түркістандағы ілкімді істер
1,806
оқылды

­Қосымша кіріс көздерін анықтау үшін жұмысшы топ құрылған

2019 жылы 64,2 млрд теңге, 2020 жы­­лы 85,8 млрд теңге, 2021 жылы 118,8 млрд теңге түсім түссе, 2022 жыл­­­­дың қоры­­­­­­­­тын­ды­­­сымен бюджетке 164,0 млрд теңге түсіп, жоспардан 1,1 млрд теңгеге арты­­ғымен немесе 100,7%-ға орын­­­­­­дал­­ған. Жалпы, 2022 жыл­­дың қорытын­­­­­­дысымен 2019 жыл­ды салыс­­­тырғанда түсімдер 2,5 есе­­­­ге артып отыр. 2019 жы­­­лы өзіндік кі­рістердің жалпы кірістердегі үлесі 8,5 па­йызға жетсе, 2022 жылдың қоры­тындысымен 15,0 пайызды құраған.

«Жергілікті бюджетке түсетін тү­сім­дерді ұлғайту және қосымша кіріс көзде­рін анықтау жөнінде арнайы жұмысшы тобы құрылып, іс-шара жоспары әзір­­­ленген. Жоспарланған іс-шараларды тиісті деңгейде жүргізу мақсатында бар­лық басқарма басшылары және аудан, қала әкімдері тарапынан аса жауап­кершілікпен жұмыс тобымен бірлесе отырып, нақты әрі нәтижелі жұмыстар жүргізіліп келеді», – дейді Нағима Орын­басарқызы. 

Сонымен қатар биылғы жылға өзін­дік кірістер 178,8 млрд теңге болып бекі­тілсе, 23 қазанда өткен бюджетті нақты­лаудан кейін кірістер 13,1 млрд теңгеге ұл­ғайтылған. Енді ол 191,9 млрд теңгеге жетіп отыр. 11 айдың қоры­тындысымен бюджетке түсетін са­­лық­тар мен басқа да түсімдердің жос­­пары 101,4 пайызға немесе 2,2 млрд теңгеге асыра орын­далған (жоспар – 154,9 млрд теңге болса, нақты түскені – 157,1 млрд теңге). Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда түсім 9,9 млрд теңгеге артып немесе өсу қарқыны 6,7%-ға жетпек.

2019-2022 жылдардағы облыс бюдже­ті­нің шы­ғыстар бөлігі:

2018 жылы 99,9 пайызға (жоспар – 562,1 млрд теңге игерілгені – 561,6 млрд теңге), 

2019 жылы 99,5 пайызға (жоспар – 777,7 млрд теңге игерілгені – 773,9 млрд теңге), 

2020 жылы 99,9 пайызға (жоспар – 889,1 млрд теңге игерілгені – 888,5 млрд теңге),

 2021 жылы 99,8 пайызға (жоспар – 989,1 млрд теңге игерілгені – 986,9 млрд теңге) атқарылды. 

Бұл көрсеткіштер республика дең­гейінде 1-ші нәтижені көрсетсе, 2022 жыл­­­­­­дың қорытындысымен бюд­жет­­тің шы­ғыстар бөлігі 99,5 па­йыз­ға атқарылып (жоспар – 1 133,9 млрд теңге игерілгені – 1  28,6 млрд теңге), рес­­публика дең­­­ге­йінде 2-ші нәтижені көр­сетті. 

Нағима Орынбасарқызы бюджеттің атқарылу құрылымында ең үлкен үлесті 46,9 пайызбен білім беру саласы алып отырғанын айтады. Одан соң тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 12,9 па­йыз, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру – 5,5 пайыз, ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары – 5,0 пайыз, көлік және коммуникациялар – 4,8 пайыз, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк – 4,7 пайыз, отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану – 2,6 пайыз, денсаулық сақтаудың шы­ғыны – 2,0 пайыз.

Облыстық Қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы таратқан мәлімет­терге сүйенсек, 2023 жылы облыс бюд­жетінің шығыстары 1 417,8 млрд теңге жос­парланған. 11 айдың қорытын­дысымен 1 223,2 млрд теңге көлемінде шығыстар жүргізіліп, есепті кезең жос­парының 97,9 пайызын орындап отыр. Бүгінде республика деңгейінде есепті кезеңге игерілу көрсеткіші 7-ші, жылдық жоспардан игерілуі бойынша 4-ші нә­­­тижені көрсетті. 

Қаралған қаржылардың басым бөлігі әлеуметтік салаға бағытталуда

Облыстық Қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нағима Нұрманова бюджетте қаралған қаржылардың басым бөлігі әлеуметтік салаға бағытталып отыр­ғанын жеткізді. Оның ішінде Білім, Денсаулық сақтау, Әлеуметтік қамсыз­дандыру, Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік басқармалары бар. 

Атап айтар болсақ, білім саласына биыл 596,6 млрд теңге қаржы қаралған. Бөлінген қаржылар есебінен 1 324 мек­­­тепке дейінгі білім беру мекемеле­­рінде 150,0 мыңға жуық бала тәрбиеленіп, 

899 мемлекеттік мектептерде 600,0 мың­­­нан аса оқушы білім алуда. 43 техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 15 344 мамандарды даярлауға мемлекеттік тапсырыс орналастырылған.

Нағима Орынбасарқызы облыста «Ауыл аманаты» пилоттық жобасын іске асыруға биыл республикалық бюджет қа­ражатынан 19,8 млрд теңге бөлінгенін атап өтті. 

Жұмыссыздықты және ауылдық елді мекендердегі атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайтуды, өзін-өзі жұ­мыспен қамтығандарды заңдастырып, ауылдық елді мекендерде жаңа жұмыс орындарын құру, мал мен құс санын ұлғайту, шағын кәсіпкерлікті ашу ар­қылы халықтың табысын арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету­ді мақсат еткен бұл жобаның өңір тұр­ғындарының әл-ауқатын арттыруға септігі мол.

Одан бөлек, 2023 жылдан бастап жастар кәсіпкерлігін қолдау үшін іске қосылған жылдық 2,5% жеңілдікпен кре­дит берудің бөлек тетігін ұйым­­дас­­тыру мен қаржыландыру мәселелері пы­сықталып, жобаны іске асыруға респуб­­­­ликалық бюджет қаражатынан 2,9 млрд теңге бөлініп, бағдарлама негізінде 35 жасқа толмаған 594 азаматқа 5 млн тең­­геге дейін жеңілдетелген шағын не­сие беру жоспарланған. Аталған же­ңіл­­­­детілген несиені беру сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы жүзеге асырылып, сенім білдірілген өкіл (агент) ретінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ белгіленген. 

Бұдан бөлек, 2023-2025 жылдарға 641 бюджеттік инвестициялық жобалар бе­кітілген. Аталған жобаларға 247 404 981 мың теңге (РБ - 35 171 675 мың теңге, ОБ - 83 917 533 мың теңге және ҰҚ нысаналы трансферттерден 128 315 773 мың теңге.) қаралған. 

Оның ішінде 46 жобалық-сметалық құжаттама 6 574 710 мың теңгеге әзір­­ле­­­нуге және 595 бюджеттік инвес­­­тициялық жобалардың құрылысына 240 830 271 мың теңге бағытталып отыр. 

Қаржыгерлер қуанған күн

Түркістан облысының Қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы бас­­шылығы 14-15 қараша күндері Қазақ­станның ұлттық валютасы теңгенің ай­­­налысқа енгізілгеніне 30 жыл толуы құр­­­­метіне және қаржы жүйесі қыз­мет­­кер­лерінің кәсіби мерекесінде атаулы күнге орай бірқатар шара өткенін ай­тады. Осынау мерекелік күндері облыс­тың қаржы саласының қызметкерлері арасында спорттық, интеллектуалды және өнер сайыстарынан іс-шаралар ұйымдастырылған. Тартысты шараға 28 орталық мемлекеттік органдардың ау­мақ­тық департаменттері, аудан, қала әкімдіктері мен облыстық басқар­­ма­лардың мемлекеттік қызметкерлері қа­тысқан. «Сайыс қорытындысы бойынша стритбол (ағыл. Streetball), бильярд спорт түрлерінен, қазақша куиз (ағыл. Quiz) және өнер байқауларының жеңімпаздары жүлделі сыйлықтармен, сондай-ақ өңірдің экономикалық-әлеуметтік саласын дамытуға өзіндік үле­сін қосқан орталық мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттері, аудан, қала әкімдіктері мен облыстық басқармалардың жалпы 68 мемлекеттік қызметкері мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері облыс әкімдігі мен мәслихат аппаратының алғысхаттарымен, кәсіподақ ұйымының арнайы төсбелгілерімен марапатталды. Одан бөлек, экономика және қаржы саласында ұзақ жылдар бойы қызмет еткен ардагерлерге бағалы сыйлықтар табысталып, жас мамандар тарапынан құрмет көрсетілді», – дейді Нағима Орын­басарқызы. 

Осылайша, үнемі есеп-қисаппен оты­ратын сала мамандарын ынта­­лан­дыру жұмыстары да назардан тыс қал­маған. 

Назгүл НАЗАРБЕК,

Түркістан облысы