Күдікті көліктен көйлек пен косметика, аяқкиімнен бөлек, смартфон, сақина, шаш күтіміне арналған жиынтық және 40 мың теңге ұрлаған.
Шымкентте көйлек пен косметика ұрлаған жігіт сотталды
2,062
оқылды

Шымкентте көліктен көйлек пен косметика ұрлаған жігітке сот үкімі шықты,    деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдікті көліктен көйлек пен косметика, аяқкиімнен бөлек, смартфон, сақина, шаш күтіміне арналған жиынтық және 40 мың теңге ұрлаған.

Жәбірленушінің айтуынша, ол көлікті үйдің ауласындағы тұраққа қойған. Біраз уақыттан соң қайтып келгенде ұрлық жасалғанын байқаған. Келтірілген шығын көлемі – шамамен 400 мың теңге. Тәртіп сақшылары күдіктіні бейнебақылау камералары арқылы ұстады. Оның 36 жастағы қала тұрғыны екені анықталды.

Полиция Қылмыстық кодекстің 188-бабы («Ұрлық») бойынша тергеу жүргізіп, істі сотқа жіберді. Айыпталушы кінәлі деп танылып, оған 2,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.