Әлеуметтік желілерде жарияланған видеодан ұшақ жолаушыларының салонда сырткиіммен тоңып отырғанын көруге болады.
«Бортты дайындамаған»: Астанада ұшақ -30 градус аязда қатып қалды
Фото: instagram.com / umarovnews.kz
4,124
оқылды

12 желтоқсанда Астана-Ақтөбе бағыты бойынша QAZAQ AIR әуекомпаниясының IQ 399 рейсі Астана қаласындағы қолайсыз ауа райына байланысты (өте төмен температура) кешіктірілді, –  деп хабарлайды Aikyn.kz Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде жарияланған видеодан ұшақ жолаушыларының салонда сырткиіммен тоңып отырғанын көруге болады. Ролик авторы «бортты дайындамаған, қыздырмаған, олар ұшуды 40 минут күтіп отыр» деп атап өтті.

Әуекомпаниясы аталған жайтқа байланысты жауап берді.

«Қозғалтқыштағы майдың тұтқырлығы жоғары болғандықтан, іске қосу турбинасы қажетті қарқын ала алмады, сондықтан қозғалтқыш іске қосылмады. Мұндай жағдайларда әуежай әмбебап мотор жылытқышын ұсынады. Астана әуежайында қажетті техниканың жетіспеуіне байланысты ұшақтың қозғалтқышын іске қосу үшін ұзақ уақыт қажет болды. Келтірілген қолайсыздықтар үшін жолаушылардан кешірім сұраймыз»,  деп хабарлады әуекомпания өкілдері.