Бұл қазақстандықтарды қосымша зейнетақы төлемімен қамтуға мүмкіндік береді.
2024 жылдан бастап жұмыс беруші қызметкерлерге міндетті зейнетақы жарнасын төлейді
Фото: gov.kz
8,178
оқылды

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын өз қаражаты есебінен 2024-2028 жылдар аралығында 1,5%-дан 5%-ға дейін кезең-кезеңімен жұмыскерлерінің пайдасына аудару басталады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Осылайша, зейнеткерлікке шыққан кезде бұл жұмыскерлер қосымша жинақтаушы зейнетақы төлемімен қамтамасыз етіледі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бұл шара қазақстандықтардың жас буынын қолдауға бағытталған, олардың зейнетақы мөлшері олардың зейнетақы аударымдарына тікелей байланысты болады.

Олардың зейнетақысы үш компоненттен: мемлекеттен базалық зейнетақы, жинақтаушы зейнетақы – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар есебінен және шартты-жинақтаушы зейнетақы – жұмыс берушілердің жарналары есебінен құралады.