2024 жылы жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталады.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап кімдер декларация тапсыратыны белгілі болды
1,560
оқылды

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда кезең-кезеңімен жалпыға бірдей декларациялау енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

 

Аталған шараның мақсаты – жеке тұлғалардың кірістерін бақылаудың тиімді тетіктерін құру, әділ салық салуды қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру, сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету.

ҚР ҚМ МКК Өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнайы салық режимдерін әкімшілендіру департаментінің директоры Нұржан Қуандықов жалпыға бірдей декларациялау кезеңдері туралы мәлімет берді.

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап «кіру» декларациясын мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар тапсырды. Екінші кезеңде, жалпыға бірдей декларациялауға квазимемлекеттік сектордың мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайы қосылды. Шамамен 2,1 млн адам.

«2024 жылғы 1 қаңтарда жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталады. Бизнесмендер – жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың құрылтайшылары (қатысушылары), сондай-ақ олардың жұбайы тапсырады», – деді спикер.

2025 жылы жалпыға бірдей декларациялауға азаматтардың басқа санаттары қосылады.

«Осылайша, 2025 жылы 13 млн астам декларация тапсырылады деп күтілуде», – деді Н.Қуандықов.