Бұл сауалға Экология министрлігі жауап берді.
Қазақстанда қар барысы кеміп бара жатқаны рас па?
1,448
оқылды

Ведомствоның Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті қар барыстары популяциясының рекордтық деңгейге дейін төмендегені туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Яғни, Energyprom.kz мониторинг  агенттігі ұсынған ақпарат шындыққа жанаспайды.

"Зоология институтының санағына сәйкес, Қазақстандағы қар барыстарының саны, бүгінгі күні, 180 дарақтан асқан",  делінген хабарламада.

Айта кетейік, БҰҰ-ның Қазақстандағы Даму бағдарламасының және ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қар барысын сақтау жөніндегі ауқымды бастамасы бойынша 10 қар барысына спутниктік таратқыштар орнатылған.