Қазақ киносының бірнеше классикалық туындысы ағылшын тіліне аударылып, дыбысталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында АҚШ елшілігінің қызметкерлері классикалық қазақ көркем фильмдерімен танысып, оларды ағылшын тіліне аударып көргісі келді. Сүйікті фильмдеріңіздің ағылшын тіліндегі толық нұсқасын көрер ме едіңіздер?", – делінген жазбада.
Ағылшынша аудармада:
Тайлақ – Lucas
Биші қыз – Lola
Сырлыбай би – Colin
Ермек Серкебаев – Johnibek
Орал – Chris
Дыбысталған туындылары:
"Тақиялы періште"
"Қыз Жібек"
”Махаббат бекеті”.