"-35 градус аяз әлі сақталады": 16-18 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды

Түнде ауа температурасы батыста 0-10 аязға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 5-15 аязға дейін біртіндеп жоғарылайды, бірақ шығыста 22-35 градус аяз әлі де сақталады.

"Қазгидромет" РМК 16-18 желтоқсанға ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Синоптиктердің хабарлауынша, осы апта бойы Қазақстанның барлық аумағында ашық және аязды ауа райын алып келген антициклон солтүстік-шығысқа қарай жылжи бастайды, осыған байланысты аяздың әлсіреуі күтіледі және Солтүстік Атлантикада пайда болған циклон жырасы республиканың батысына жылжи бастайды, сол себептен жауын-шашын қар түрінде болжанады, бұрқасын, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі, содан кейін басқа аймақтарға жылжиды.

Түнде ауа температурасы батыста 0-10 аязға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 5-15 градус аязға дейін біртіндеп жоғарылайды, бірақ шығыста 22-35 градус аяз әлі де сақталады.