Жаңа үкім де заңды күшіне енді.
Жеті жылға сотталған бұрынғы вице-министр Тоқтабаевтың үкімі қалай өзгерді?
745
оқылды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму экс-вице-министріне қатысты үкім апелляциялық тәртіппен қайта қаралды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты ИИДМ бұрынғы вице-министрін ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыруға соттаған болатын (ҚК 361-бабы 4-бөлігінің 3) тармағы).

"Іс жазасын өтеу мекемені өзгертуді сұраған прокурордың апелляциялық өтініші бойынша, сондай-ақ сотталған мен оның қорғаушыларының оның кінәсіздігі туралы дәлелдері көрсетілген апелляциялық шағымдары бойынша қайта қаралды. Сотталғанның қылмыс жасаудағы кінәсінің дәлелденгеніне сәйкес, Астана қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасымен үкімнің күшін жоюға негіз болған жоқ», – делінген хабарламада.

Сот үкімі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны төменгі қауіпсіздіктен орташа қауіпсіздікте өтеу бөлігінде өзгертілді.