Қызылордада «AMANAT» партиясы облыстық фи­лиалы­ның ұйымдастыруымен бар­лық деңгейдегі мәслихат де­путаттарының І аймақтық фо­румы өтті.
Сыр өңірінде аймақтық форум өтті
1,382
оқылды

Форумда Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауын және партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру ісінде мәслихат­тардағы фракция мүшелерінің алдында тұрған міндеттер талқыланды. 

Форум жұмысына Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев арнайы қатысып, фрак­ция жұмысының негізгі бағыттарына тоқталды.

«Биыл партиямыз және ама­наттық депутаттар маңызды оқиға­лардың басында болып, іргелі істер атқарды. Біз – қоғамның талап-тілегіне құрметпен қарап, оларға құлақ асатын партияның өкілде­ріміз. Сондықтан өткен сайлауда халыққа берген уәделеріміздің орын­далуын қадағалау – біз үшін өте маңызды. Бұл ретте жергілікті жерлерде де мәслихат депутаттары заң жобалары, депутаттық сауал­дар, зерттеулер және азаматтарды алаңдатқан ең өткір мәселелерді батыл көтеріп, ашық түрде сын айтып, партияның сайлауалды уәде­лерінің орындалуына маңызды рөл атқаруы керек», – деді Елнұр Бейсембаев.

Оның айтуынша, партияның Мәжілістегі фракциясы есепті кезеңде 22 заң жобасына бастама­шы болып, 128 заң жобасы қарас­тырды. Соның ішінде 40 заңға Мемлекет басшысы қол қойды. Бұған қоса, 58 заң Сенатқа жол­данып, оған фракция мүшелері 665 түзету енгізді. Сонымен бірге осы кезеңде аманаттық фракция мүше­лері Үкіметке 210 депутаттық сауал жолдады. Онда қоғамды толған­дыр­ған өзекті мәселелер қозғалып, олар тиісінше шешімін тауып жатыр. 

Өз кезегінде, Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракция­сының мүшесі Мархабат Жайым­бетов өңірдегі өзекті мәселелер мен орталық деңгейде шешілуі тиіс сұрақтарға тоқталды. Бүгінде жер­гілікті фракция мен Мәжілістегі фракция мүшелері арасында жүйелі жұмыс жолға қойылды. 

Бұл ретте партияның өңірлік филиалының және облыстық мәслихат төрағасы Наурызбай Байқадамов мәслихаттардағы партия депутаттарының алдында тұрған міндеттер туралы айтты.

«Президентіміз әрдайым елі­мізде өкілді билік тармағы мықты болуы қажеттігін атап көрсетуде. Бұл бастама мемлекетіміздің инс­титу­ционалдық тұғырын нығай­тып, ел дамуына тың серпін бе­ретіні анық. Осы тұста азаматтар­дың өкілді билікке деген сенімін нығайту жұмыстарын күшейтке­німіз жөн. Себебі мықты мәслихат­тар ғана өзекті мәселелер­дің ше­шімін табуға және аймақтардағы тұрмыс сапасын жақсартуға әсер ете алады», – деді ол. 

Оның айтуынша, халықтың сенім мандатына ие болған және өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму ісіне белсене атсалысып келе жатқан мәслихат депутаттарына жоғары жауапкершілік жүктеледі. Партия фракциясы мүшелерінің алдында тұрған басты міндеттің бірі – Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырым­дамасында көзделгендей, тұрғын­дармен тұрақты кері байланыс орнату. 

Айта кетейік, Қызылорда облы­сында барлық деңгейдегі 152 депу­тат­тық мандаттың 124-і «AMANAT» партиясының мүшелеріне тиесілі. Олар өткен 11 айда 390 қабылдау өткізіп, мыңнан астам азаматты қабылдады. Онда көтерілген 917 мәселе оң шешімін тауып, 323 мә­се­ле бойынша тиісті кеңес берілді.

Пленарлық отырыстан соң, форум жұмысы панельдік сессия­ларда жалғасты. Мұнда депутаттар сала-сала бойынша секцияларға бөлініп, өзекті мәселелерді талқы­лап, білімін жетілдірді.