Сенат Спикері Мәулен Әшім­­баев­тың төрағалығы­мен палата отырысы өтті. Онда се­на­торлар бірқатар заңды қара­ды және депу­таттық сауал­дарын жолдады.
Әлеуметтік қорғауды күшейтетін құжат
483
оқылды

Отырыс барысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кей­бір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адам­дарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзге­рістер мен толық­тырулар енгізу туралы» заңды екі оқылымда қа­рап, мақұлдады. Құжат осы сала­дағы заңнаманы жетілдіруге және еңбек жағдайлары зиянды орын­дарда жұмыс істейтін қызмет­кер­­лерді әлеуметтік қорғауды кү­шейтуге арналған. Атап айтқанда, мұндай кәсіпорындардың қыз­меткерлеріне 55 жасқа толған кез­де арнайы әлеуметтік төлем тағайын­далады. Ол үшін жиын­тығында кемінде 84 ай зейнетақы жарналары­ның болуы және еңбек қызметін тоқтату маңызды шарт­тар екенін айта кеткен жөн. Сон­дай-ақ қалаған жағдайда азамат­тар зейнетақы жи­нақ­тарын 55 жаста немесе 63 жаста өз бетінше ала алады.

Сонымен қатар аталған заңның нормаларына сәйкес, енді қоғамдық бірлестік құру үшін үш адамнан тұра­тын топ жеткілікті болады. Одан бөлек, респуб­лика­лық маңызы бар қалалардағы қоғамдық бірлестік­тердің мәрте­бесін айқындау, қоғам­дық бірлес­тіктер құру мәселелерін құқықтық регламенттеу және басқа да өзгерістер бойынша қолданыстағы заңнама нормаларын сәйкес­тендіру көзделіп отыр.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республика­сының арнаулы мемлекеттік ор­гандарын­дағы қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» заңды қара­ған сенаторлар оны концеп­туалды тұрғыдан қолдап, бірқатар түзету енгізді. Осыған байланысты заңды жаңа редакция­сымен және жекелеген баптармен Мәжіліске қайтару туралы шешім қабыл­дан­ды. Аталған түзетулер мемлекеттік құпияларды құрайтын мәлімет­терді беру тәртібін айқындау жөніндегі құзыретті белгілейтін қайталама норманы алып тас­тауды көздейді. Сондай-ақ заңда ел аза­мат­тарына ерікті дактилос­копиялық тіркеуді енгізу туралы және басқа да бірқатар жаңа­шылдыққа қатысты нормалар бар.

Отырыс барысында сена­торлар депутаттық сауалдарын да жолдады.