Құрметті отандастар!
Сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттық­таймын!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күнімен құттықтауы
804
оқылды

Бұл – халқымыздың мызғымас бір­лігін айшықтайтын ұлық мейрам. Тә­уел­­сіздік күні еліміздің азаттығын және жаңа тарихи ке­зеңде дербес даму жолына түскенін әйгілейді. 

Біз осы мерейлі мерекеде халқымыздың бостандық туралы арманын ақиқатқа ай­налдыруға өлшеусіз үлес қосқан ерлердің рухына тағзым етеміз. 

Азаттықтың арқасында еліміз жаңа белес­терге қадам басты. Тәуелсіздігін жария­лағаннан кейін ғана Қазақстан дипломатия­лық тұрғыдан мойындалып, халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі ретінде таныла бастады.  

Тәуелсіздік бәрінен қымбат! Оны табыс­ты әрі бақуатты мемлекеттің тірегі саналатын қастерлі құндылық ретінде көздің қарашы­ғын­дай сақтау – ата-бабаларымыздың және келер ұрпақтың алдындағы қасиетті борышы­мыз. 

Қазақстан стратегиялық бағытынан ай­ны­май, мемлекеттілік дәстүрін дәйекті түрде дамытып келеді. Барлық салада қолға алын­ған ауқымды өзгерістер сан ғасырлық төл шежіреміздің жаңа парағын ашты. Біз бар­шаға бірдей мүмкіндік беріп, өсіп-өр­кендеуге жол ашатын Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Қоғамда бірлік пен тұрақ­тылық, заң мен тәртіп, жауапкершілік пен ынтымақ, білімпаздық пен еңбекқорлық сияқты құн­дылықтар берік орнықса, осы мақсатқа қол жеткізетініміз анық.

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

Көк Туымыз мәңгі желбірей берсін!

Тәуелсіздігіміз баянды болсын!