Мемлекет басшысының «Әді­лет­ті Қазақстан: бәріміз және әр­қай­сымыз үшін. Қазір және әр­дайым» атты сайлауалды бағ­дар­ла­масында бә­секеге қабілетті ауыл шаруа­шы­лығын құрып, ауылдарды орнықтыру жолдарын көрсетті.
Кәсіп пен нәсіп ауылда
2,009
оқылды

Бір сөзінде Пре­­­­зидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ауыл шаруашылығы экономиканың жаңа қозғаушы күшіне айналады. Алдағы жылдарда ауыл-аймақты өркендетуге басымдық береміз. Біз ауылдық жерді жұмыспен жаппай қамту үшін жағдай жасаймыз, ауыл тұрғындарының кәсіпкерлік бас­та­маларын қолдаймыз. Тұрғын­дар­ға жер қолжетімді болады. Ол үшін ірі жер иелерінен пайдаланылмайтын жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жандан­дыра­мыз», – деп Үкіметке жаңа міндеттер жүктеді. Бағдарламаға сәйкес, 1 мил­лионнан аса ауыл тұрғынын қам­ти отырып, ауыл шаруашылығын дамытуға 1 трлн теңге бағытталды. Сол сияқты жеке қосалқы шаруа­шы­лықтарды кооперативтік кәсіпке тар­тып, микрокредитті қолжетімді ету арқылы 350 мыңнан астам адам­ды жұмыспен қамту көзделген.

7,7 млн адам ауылда тұрады. Алайда ша­­­руа­шылықпен айналысатындары аз бол­са да малмен жан бағып жүргендері жоқ емес. Түсінгенге ауылда береке бар. Мы­­­салы, Түркияда бұл салада он мил­лион­нан аса адам еңбек етіп, өз елін жыл сайын 100 миллиардтаған табысқа кенел­тіп келеді. Түркияның балы, инжір, жүзім, өрік, жаңғақтары әлемде алғашқы орында тұр. Еуропа, ТМД елдері мен бірқатар мұ­­­­сылман мемлекеттердің сөресінен тауар­лары самсап тұрады. Израильдің же­рі егін салуға сай келмесе де, ішкі сұра­ныс­ты өздері өтеуде. Ал бізге оңай шағы­ла­тын жаңғақтың өзі Қытайдан, кепті­ріл­ген жеміс­тердің түр-түрі Өзбекстан, Тә­жік­станнан келеді. 

Түркия басымдықты егін және мал шар­уашы­лығына берген. Ол жақта өңдеу ісі өте жоғары да­мыған. Егін мен мал ша­руа­шылығынан тоқыма-тігін және тамақ өнер­кәсібін екі жақты дамы­ту­ға болады. Ал бізде мал әрі кетсе, сүт пен етке жарап тұр. Жүн түтіп, жіп иіретін, тері илеп, тон ті­гетін фабри­калар да, өзге де өңдеуші кә­сіпорындар қалада емес ауылда са­лын­са, ауыл адамдарын Пре­зидент жос­пар­ла­ған жұмыс орын­дары­мен қамтуға болады. Сүт өнім­дерін, томат пастасын, алма, өрік сусын­дары мен балмұздақ шығаратын зауыт­тар Алматы, Түркістан облысының тек кейбір аудандарында жұмыс істеп тұр. Оның өзі еліміз үшін аздық етуде. 

Жалпы, кез келген саланың өсіп-өр­кен­­деуі кәсіпкерлерге тікелей байла­ныс­ты. Үкімет тек жер беріп, субсидия немесе не­­сие бөліп, жалпы ауыл шаруа­шы­лы­ғы­ның даму стратегиясын әр өңірдің, тіпті ау­дан, ауылдардың жағдайына қарай жұ­мыс­ты үйлестірумен айналысуға тиіс. Жос­­парлы жүйе болмай, дұрыс даму да бол­майды. Ауыл шаруашылығындағы бі­ре­се жүгері, біресе мақта, біресе картоп, біресе бидай өсірушілердің наразы­лық­та­ры нақты және тұрақты жүйесіздіктің кесірінен. Сондықтан ең алдымен Ауыл шаруа­шылығы министрлігі ұзақмерзімді әрі жан-жақты талқыланып, нақтыланған даму жүйесін құруы керек. Бұл істе Аме­рика, Қытай, Түркия, Еуропаның тә­жі­ри­белеріне сүйенген артық етпейді. 

Президенттің сайлауалды бағдар­ла­масын орындаудағы «AMANAT» партия­сы­ның бірден-бір жобасы – «Ауыл амана­ты» жобасы. Биыл шағын несие беруге 2,059 млрд теңге бөлінді. Оның 1 млрд 548 331 мың теңгесі – мал шаруашылығына, 511 млн 250 мың теңгесі – өсімдік шар­уа­шы­лығына бағытталды. Ауылдарды ара­лағанда жергілікті жұртшылықтың кәсіп­пен айналысуға деген ықыласын байқа­дық. Алайда көбінесе кепілге қоятын мү­­­ліктің талапқа сай келмей жатқаны ай­тылды. Партия бұл мәселені де оңтайлы ше­шіп, ережені жеңілдету жағын қарас­ты­рып жатыр. Ал жалпы мемлекеттік қол­дау аясында бөлінетін субсидия, несие ұсақ шаруашылықтарға да қолжетімсіз. Мысалы, қой саны – 5 мың, сиыр саны 2 мың­ға жетпейінше, мемлекеттік мүмкін­дік­терді пайдалана алмайтын шектеулерді алып тастау керек. 3-4 мың қойы, 100-200 сиыры бар жеке шаруалардың коопе­ра­тивтерге біріккісі келмейді. Өйткені ко­опе­­ративтер арасында дау көп. Сондықтан же­келеген шаруа­шылықтар да Президент бас­тамаларының игілігін көру үшін ұсақ шаруашылықтарды да қолдау механизмін қолданысқа енгізуі қажет. Аздан бастап көп­ке жетуді қалай­тын жекелеген шаруа­лар шетелде де мем­лекеттік қолдауға ие еке­нін ескерген жөн. Өйткені үлкен биз­нес кішкентай кәсіптен бас­талады. 

Түркістан облысында халық көп бол­ған­дықтан, мемлекеттік қолдауға сұраныс та көп. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша өңірге 19,7 млрд теңге бөлініп, оның 17,7 млрд теңгесі игерілген. Жыл соңына дейін бө­лінген ақша түгел берілетін болады. Жо­ба 64 ауылдық округте 6 бағытта асы­рыл­ды. Яғни, өсімдік, мал, балық, құс шаруа­шылығы, кооперация мен бағдар­ла­ма талабына сай келетін кәсіптерге жұм­салды. Алдағы жылға 30 млрд теңге қа­жеттілік туындап тұр. Төмен пайызды не­сиеге қолы жеткен жандардың алғыстан бас­қа айтары жоқ. 

Президент айтқандай, мелиорация жә­не суару жүйесін қалпына келтіру – өзек­ті мәселе. Мәселен, Солтүстікте күз­де жау­ған қар мамырға дейін тоң боп қатып жа­тады. Сондықтан ауа райы қолайсыз де­месеңіз, топырағы құнарлы не ексеңіз де өседі. Енді Солтүстік өңір­лерде тек кар­топ пен бидай өсіріп қоймай, суық кли­матта өсе беретін өнімдерді өсіру ке­рек. Айталық, мұзжидек, итмұрын, бар­ба­рис. Сусамырға өте пайдалы мұз­жидек­тің кептірілген түрін қымбат бағада көр­ші­лес елдерден аламыз. Қазір ғылым да­мып, қысқа уақытта пісіп-жетілетін бақ­­ша өнімдерінің жаңа сорттарын өсіру­­ге көшу керек. Алайда отандық са­палы тұқымның өзі жоқтың қасы. Сол­түс­тіктің құнарлы топырағын алдырып, Оң­түстікте кәдеге жаратып жатқандар бар. 

Түркістан облысында қар жауады да, еріп кетеді. Жаздың шілдесінде күнгейдегі ау­дандарда ауа температурасы 55 градусқа дейін ысиды. Қазір құмда жыңғыл мен сек­сеуіл, фармацевтикада бағалы сан­­а­ла­тын кеурек, дермене сияқты өсімдіктер өсе­ді. Ендеше шөлейтте өсетін өсімдіктер мен талдарды неге өсірмеске? Түркістанда есі­гінің алдында банан мен фисташки өсі­ріп, же­мі­сін жеп жүр­гендер бар. Ер­тегі сияқ­­ты ес­тіл­­се де, та­лап­танып ең­бек ет­кен­­­ге кө­рін­­ген тау­дың алыс­­тығы жоқ. Ли­­­­мон, ба­нан, саңы­рау­­құ­лақ өсіріп жат­­қандар – қо­сымша кә­сіптің көзін тап­қан­­дар. Оның үстіне, Оңтүс­тіктің кли­­маты жы­­­лына 2-3 рет өнім алуға қо­лайлы. Осы­­­­лайша, қызанақ, қияр, құлпынай, орам­жапырақ сияқты бақша өнім­дерін жыл он екі ай өсіретіндер жұмыс істеп жа­тыр.

Мемлекет бас­­шы­сы нұс­қаған ме­лио­ра­ция жұ­мыс­та­ры жан­дан­­са, иге­ріл­ме­ген жер қал­­мас еді. Ке­ңес үкі­ме­ті­нің ке­зінде де сайын дала игеріліп, көш­­­пелі жұрт оты­рық­­шы халыққа айнал­дырыл­ған. Сол сияқ­ты қа­зір де сон­дай қа­дамға бару керек бо­лып тұр. Жұ­мыс жоқ­тықтың сал­дары­нан ауыл­дан кеткен адам көп, жастар да тұ­рақтай бермейді. Өздеріңізге белгілі, Қа­зақстанның әрбір өңірінде су қой­ма­лары салынып, 100 мил­лион гек­тар­ға жуық жерге су жеткізілген. Нәти­же­сінде, суар­малы егістік көлемі 2 172 мың гектарға ұл­ғайған. 1990 жылға дейін 54 мың гид­ротехникалық нысандар са­лынған. Өкі­ніш­ке қарай, тәуелсіздік алған жылдары Кеңес үкіметінің кезіндегі 730 мың гектар көл­табанға шейін талан-таражға түсіп кет­ті. Қазір сол олқылықтың орнын тол­ты­ру үшін атқарылатын шаруа шаш етек­тен асады. Мелиорацияның ауыл шаруа­шы­лығына пайдасы көп. Бүгінгі күннің бас­ты тақырыбына айнал­ған су үнемдеу мә­селесін шешуге септігі тие­ді. Араптар да сайын сахарасын сулан­дырып, егін­ші­лік­пен айналыса бастады. Демек, қалауын тап­са, қар жанады. Ал бізде су құм­ға сіңіп кетіп жатыр. Үкімет су тап­шы­лығын азай­ту үшін жаңадан 20 су қоймасын сал­мақ­шы. Құрылыс 2024-2030 жылдарға арнал­ған су шаруашылы­ғын дамытудың кешен­ді жоспарына сай жүр­гізіледі. 

Жылдың жағымды жаңалығы осы жа­уап­ты іспен арнайы айналысу үшін Пр­е­зи­дент Жарлығымен Су ресурстары және ир­ри­гация министрлігі құрылды. Сол сияқ­ты Су кодексіне де өзгертулер енгізі­ліп жатыр. Заңда су қорын пайдалану жә­не қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк саясатты жүр­гізу; су қатынастарын, сумен жаб­дық­тау және су бұру саласындағы қаты­нас­тар­ды реттеу; тұрақты су пайдалануды жә­не су қорын қорғауды, сумен жабдық­тау­ды және су бұруды қолдау мен да­мыту­дың құқықтық негiздерiн қамтамасыз ету; су қорын пайдаланудың және қорғаудың, сумен жабдықтаудың және су бұрудың негiзгi принциптерi мен бағыттарын ай­қын­дау; су ресурстарын зерттеу, барлау, ұтым­ды және кешенді пайдалану мен қор­ғау, гидромелиорациялық жүйелер мен су шаруашылығы құрылыстары сала­сындағы қатынастарды басқару; жерді гид­ромелиорациялауды дамыту бағыт­та­рын айқындау; халықты және шаруа­шы­лық объектілерін су шаруашылығы құ­ры­лыстарындағы төтенше жағдайлардан жә­не олардың зардаптарынан қорғау қа­растырылған. 

Президент тапсырмасы бойынша, же­­расты суларын пайдалану аясы кеңей­тіл­мек. Ұлттық гидрологиялық қызмет құ­рыл­мақшы. Олар жерасты суларына мо­ниторинг жүргізіп, іздестіру-барлау, гид­рологиялық ұңғымаларды жоюмен ай­налысады. Отыз жылдан бері лас су ішіп келген шардаралықтар жерасты су­ларын зерттеудің нәтижесінде сапалы ауыз­сумен қамтылады. Сол сияқты Ұлт­тық гидрологиялық қызмет өз ісін сапалы ат­қарса, тұзды және шамадан тыс ми­не­рал­ды судан бөлек, жер астынан таза су та­бады деген сенімдеміз. Сол сияқты Пре­­зидент тапсырмасымен Каспий теңі­зі­нің ғылыми-зерттеу институты құры­ла­ды. Бұл да үлкен жаңалық. Ал су сала­сын­дағы кадрлық тапшылықты шешу үшін Қазақстанда гидротехникалық құрылыс жә­не гидромелиорация мамандарын даяр­лайтын ЖОО қажет-ақ. Бір гектар жоңышқаның өзін суғару – үлкен өнер. Ау­қымды жобалар үшін жоғары білімді ма­м­андар өте-мөте керек.

Еліміздегі 14 мың шақырым канал күр­­делі жөндеуден өтеді деп күтілуде. Ауыл шаруашылығымен көбірек айналысатын Ал­маты, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан об­лысына қарасты 3 500 шақырым су жүйе­сін цифрландыру басталды. Су үнем­деу технологиясы бойынша Түркістан облысында «Бір алқаптан жылына 2-3 өнім алу» жобасы басталды. Оның ая­сын­да 10 мың гектардай алқапта су екі есе үнем­делді. Тамшылатып суғару әдісі кең та­раған. Қауын, қарбыз, мақта да бұ­рын­ғыдай суғарылмайды. Негізі, мәжбүрлік адам­ның жаңа мүмкіндіктерін ашады. Сай­рам ауданында егін егетін жер аздық ет­кенде, тастақты жерде израильдік тә­сіл­мен қызанақ өсірілген еді. Демек, қан­дай жерде тұрса да, ебін тапқан екі асайды екен. Жылыжайлардың дені Сарыағаш ау­данында болатын, енді өзге де аудан­дар­да жылыжай көкөнісін өсірушілер кө­бейіп келеді. Жылыжайларды ұстап тұру да оңай емес. Мемлекеттің демеуіне мұқ­таж. Жылыжайлар мен мақташылар, сон­дай-ақ бірқатар ауылдардың канал­да­рын жөндеу бойынша жолдаған депутат­тық сауалдарымның Үкіметтен біршама қолдау тапқаны қуантады. Жалпы, елі­міз­де арктикалық та, африкалық та ат­мос­фера сақталып тұра бермейтіндіктен, әр өңір­дің географиялық ландшафтына қа­рай ауыл шаруашылығын икемдеу керек деп есептеймін.

Ауыл шаруашылығымен айналысуға мүм­кіндігі жоқ елдер шаруашылыққа қа­жетті техника шығаруда. Олардың құрас­тыр­ған техникалары біздің қажетімізге жа­рап жатыр. Президенттің бір тапсыр­ма­сы лизингке техника алу жолдарын ашу бо­латын. Жеңілдетілген лизинг бағдар­ла­масы бойынша, шаруалар 40 млрд теңгеге 1 053 комбайн мен трактор сатып алды. Со­нымен қатар 2,8 мың бірлік мал азығын жи­нау техникасын сатып алуға 20 млрд тең­ге бөлінген. Мал азығын жинау да үл­кен шаруа. Бір қызығы бізден экспорт­тал­ған арпа, бидай, сұлы, жүгері, өзімізге малға жем болып импортталады. Бұл біз­дің мал азығын әзірлеудегі әлеуетіміздің тө­мендігін көрсетеді. Десе де, жекелеген шаруалар әрекетсіз емес. Әркім өз бетінше техника құрастырып, ең болмағанда шөп турайтын түрлерін ойлап табуда. Бұл да тал­пыныстың көрінісі. Мемлекет басшы­сы­ның тапсырмасымен ашылған роботех­ни­­калық мектептерден техниканың тілін бі­ліп қоймай, Қытай, Германия, Голлан­дия, Италиядан озатын заманауи техни­ка­лар құрастыратын жастар шығады. 

«Кооперативтер егістіктен дүкен сөре­сі­не дейін өнімді тікелей жеткізуші бола­ды. Тиімсіз делдалдардан арыламыз», – де­лінген Президенттің сайлауалды бағ­дар­­ламасында. Ауыл шаруашылығы ко­опе­ративтерін ұйымдастыру бойынша кең ауқымды жобалар іске асырылып жатыр. Жо­ғарыда атап өткендей, кооператив тө­р­­ағалары мен мүшелері арасында түсі­ніс­пеушілік туындамаса екен. Кооператив аты­нан субсидияны алып алып, құра­мын­дағы қожалықтарға бөліп бермейтіндер де бар. Соның салдарынан аракідік дау-да­май шығып жатады. Тура сол сияқты үлес, пай бөлуде де күмәнді істер көп. Сон­дық­тан кооператив, шаруа қожалықтарының төра­ғаларының жауапкершілігін артыру керек. Сонда Президент тапсырмасының игі­лігін тең көретін болады. АҚШ-та шаруа­шылықтар арнайы ауыл шар­уа­шы­лығы жолақтарында орналастырылады. Ондай тәсіл Еуропада да қолданылады. Мы­салы, біздің Солтүстіктің бидай бел­дері сияқты, ол жақта да жүгері, мақта қыр­лары мен мал жаятын жайлаулары бір­келкі болады. Міне, бізге де әлемнің озық әрі тез өсу үлгісін пайдалана аламыз.

Ешбір өндіріс көзі жоқ болса, ауыл шаруашылығымен айналыспағанда не­мен айналысасыз? Бір сүт пен еттің өзінен бір­неше өнім шығаруға болады. Ал малды тек етке жарататын болсақ, өңдеу ісін қа­лай алға жылжытамыз? Ішкі нарықты өз өнімдерімізден қамтамасыз етіп, ар­тыл­ға­н­ын экспортқа шығару керек. Мұның бә­рін Үкімет жүйелеуге тиіс. 

Министрліктің мәліметінше, елімізде 13 мыңнан аса су шаруашылығы нысаны бар. Оның 352-сы – су қоймасы, қалғаны – су то­раптары, бөгеттері мен тоғандар.  6 629 ны­сан – республикалық, 6 007 – ком­муналдық, 528 – нысан жекеменшікте бол­са, қалған тоғызы егесіз екен. Осы тұс­та, негізінен су көздерін жекеменшікке беру­ден сақ болу керек. Өйткені ауыл маң­дарындағы өзен, көл, құдықтарды ие­ле­ніп алғандар жергілікті жұртшылықты тіршілік нәрінен қасақана тарықтырады. Мұндай жағдайда су ортақ қазына бол­ғандықтан, жекеменшікке берілген ортақ ны­сандарды мемлекет қарамағына қай­тару қажет деп есептеймін. Айдың-күннің ама­нында суға талас болмау керек. 

Оңтүстік облыстарда бос жатқан жер же­терлік. Себеп – топырақ тұзды не құм­ды. Жалағаштан бастап жер жалаңаш­та­нып қалған. Күрежолдардың бойынан кө­леңкелейтін тал таппайсың. Бәлкім, біз­дің ғалымдарға да сахараны көгертіп жат­қан арабтар сияқты жаңа техно­ло­гия­лар ойлап тауып, жарамсыз жерлерді кә­де­ге жарататын әдістерді енгізетін кез кел­ген шығар. Су жоқ деп ну ормансыз оты­ра берген жарамас. Ауыл шаруа­шы­лығы алқаптарында суды үнемдеу үшін жап­пай тиімді технологияға көшіріледі. Ол үшін тамшылатып және жаңбырлатып суару жабдықтарына арналған шығын­дар­ды субсидиялау 50 пайыздан 80 пайыз­ға дейін арттыру көзделіп отыр. Там­шы­ла­тып және жаңбырлатып суғару арқылы 1,5 мың текше шақырымға дейін су үнем­деу­ге болады. «Судың да сұрауы бар» де­ген­дей, пайдаланылған судың ақысын тө­леу керек. Бұл жүйеден егістіктер де шет қал­мауға тиіс. Суға төлем бүкіл әлемде жа­салады.

Президенттің сайлауалды бағдарла­ма­сы аясында агроөнеркәсіп кешенін да­мы­ту бойынша бір жыл ішінде көптеген жұ­мыс істелді. Басымдық берілген бағыт­тар қатарында: етті мал шаруашылығы, жеміс сақтау қоймаларын, жеміс-жидек бақтарын, жылыжай кешендерін, балық өсіру, жүн және теріні тереңдетіп өңдеу бар. Мемлекет басшысы қойған мін­дет­тердің ішінде алдымен ішкі сұранысты қа­ғаттандырып, азық-түлік импортын азай­тып, экспортын арттыру. Елімізде жыл сайын 24 млн гектар алқаптан орта есеп­пен 17-20 млн тоннаға дейін астық жи­налады. Оның 7 млн тоннасы ішкі на­рық­қа, 10 млн-дай тоннасы экспортқа шы­­­­­ғарылады. Өңірлерде астықты ірітіп-шірітпей сақтайтын қоймалар бой көтеріп келеді. 

Түркістан облысында өңдеу өнеркәсібі бойынша жоспарланған 20 жобаның оны жүзеге асырылды. Ауыл шаруашылығы тауар­ларының көлемі 1 трлн теңгеден асты. Биыл бұл салаға 88,5 млрд теңге ин­­­­­вестиция тартылған. Егістікті әрта­рап­тандыру жұмыстарының нәтижесінде 3,3 млн тонна көкөніс, бақша өнімдері жи­нал­ған. Отандық өнімдер шығаратын 22 кә­сіпорын іске қосылып, 400-дей адам жұ­мыспен қамтылған. 

Қазір ауылшаруашылық құрылым­дары­ның саны 250 мыңға да жетпейді. 17 об­лыста 23 тәжірибе стансасы өсімдік пен мал шаруашылығы бойынша ғылыми зерт­теулер жүргізіп жатыр.

8 млн гектар пайдаланылмай жатқан жер мемлекетке қайтарылды. Әлі де малға жайы­лым, егінге алқап таппай жатқан ауыл­дар жетерлік. Жұртқа да қайтарылған жер­лердің қай маңда екені қызық боп, кез­десу сайын сұрайды. Мал баққанға да, егін салғанға да жер керек. Мемлекет бас­шысы бұл іске аса мән береді. 

2023 жылы республикалық бюджеттен 17 мың шағын несие беру үшін 100 млрд тең­ге бөлінді. Соның арқасында ауылдық жерлерде 18 мыңнан астам жаңа жұмыс ор­ны ашылады. Бүгінде Шығыс Қазақ­стан, Қостанай және Павлодар облыс­та­рында қаражат толығымен игеріліп, басқа өңірлерде жұмыстар жалғасуда. Елдің су шаруашылығы жүйесін жаңғырту аясында 2025 жылға дейін Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Ақмола және Батыс Қазақстан об­лыстарында сыйымдылығы 1 700 млн м3 болатын жаңа 9, ал екінші кезеңде Ақ­төбе, Қызылорда, Шығыс Қазақстан жә­не Қарағанды облыстарында 705 млн м3 астам суға арналған 11 су қоймасы са­лы­нады. Бұдан бөлек, суармалы алқап­тардың жалпы көлемін 1,8 млн гектардан 2,5 млн гектарға дейін кеңейту көзделген. Қолда бар 15 су қоймасы мен 3,5 мың ша­қы­рым суару желілерін күрделі жөндеу, сон­дай-ақ 212 каналдың суды пайдалану мөл­шерін есепке алу үшін цифрландыру жүйе­сіне көшірілмекші. Цифрландыру ашық­тыққа жол ашады. Цифрландыруға көш­кен кәсіпорындардың басы дауға қал­майды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел игілігіне арналған бастама­ларының жер-жерде жүзеге асырылуына атқарушы билік те, жергілікті халық та атсалысуы керек. 

Қазақстанды өркендету – әрбіріміздің аза­маттық борышымыз. Қалалар салын­бай тұрғанда, қазақтың кең даласында ауыл­дар болды. Ауыл – қазақтың қара шаңырағы. Адам еңбек етуге талаптануы ке­рек. Небір малға бай дәулетті адамдар ауыл­да тұрады. Түркістан облысында Қара­­бұлақ деген береке дарыған үлкен ауыл бар. Тәулік бойы сауда-саттық да­мыл таппайды. Сол ауылда мал жаятын да, егін егетін де жер жоқ. Бірақ малмен, же­міс саудасымен екінің бірі айналысады. Титтей бақшасында жүзім де, жаңғақ та, қы­занақ та, мал да өсіре береді. Еңбек де­ген осы емес пе? Бос жатқан жерді су­лан­­дырып, егістікке жағдай жасалып жат­қанда қарап қалмау керек. Жеті ата­сынан бері мал тауып келіп, енді жеті ба­ла­сының біреуіне де мал бақтыра алмай жатқандар малшы жалдап жатыр. Керек де­сеңіз, малға сауатты қарай алатын қой­шылар да тапшы. Ауылдан қашқан ба­лалар қалада сабылып жүр. Абай хакім си­паттағандай, өзгені жамандап өзі жал­қауланатын жұрт болмай, Президент айт­қандай, ауылдарды оңалтып орнық­тыратын ел болайық!

Қайрат БАЛАБИЕВ,

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» 

партиясы фракциясының мүшесі