Мереке күндерінде 900-ден астам полицей мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Қостанай облысында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Қостанайлық полицейлер күшейтілген жұмыс режиміне ауысты
696
оқылды

Мәдени-бұқаралық іс-шаралар мен қала тұрғындарының бос уақытын өткізетін орындарда бақылау күшейтілді, – деп жазады Aikyn.kz. 

"Көшеде және қоғамдық орындарда жасалатын құқықбұзушылықтарды анықтауға, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелеріне, оның ішінде мас күйінде көлік жүргізу фактілерін анықтауға ерекше назар аударылатын болады", – деп жазды ведомстводан.

Қостанай облысының Полиция департаменті азаматтардың назарын заңның мүлтіксіз сақталуына аударады.