Марқұмның жасы – 39-да. Артында бес баласы қалды.
Бес бала жетім қалды: Шымкентте бір топ жігіт бір адамға жабылып, өлтіріп қойды
1,024
оқылды

Сот үкімімен күдікке ілінген жалғыз жігіт сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда бұл шешіммен марқұмның әйелі келіспейді,–  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Информбюроның жазуынша, бес баламен жесір қалған әйел тағы үш жасөспірімнің жазадан сытылып кеткеніне наразы. 

Қайғылы жағдай 2023 жылдың қыркүйегінде таңғы сағат 04.00 шамасында болған. 39 жастағы Толқын Абдурахманов пен 11-сынып оқушыларының арасында көшеде жанжал туындайды. Кейін төбелеске 20 жастағы тағы екі жігіт қосылады. Осы жағдайдан кейін бес баланың әкесі оқиға орнында қайтыс болады.

Бір топ жастар мен азамат арасындағы кикілжің бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Дегенмен адам өлімімен аяқталған бұл істе олардың біреуі ғана күдікке ілініп, 8 жылға сотталды. Судья сөзінше, сотталушы соққысынан кейін марқұмның миына қан құйылған. Ал төбелеске қатысқан өзге жасөспірімдер сотқа куәгер ретінде қатысты.